gototopgototop

www.korkyt.kz

  • Қазақша
  • Русский
  • English




 
 
 
 

Бухгалтерлік есеп бөлімі

E-mail Баспаға жіберу PDF
интересные фильмы в хорошем качестве онлайн
Joomla скачать

Бас есепші - Рабатова Нуржамал Кулахметовна

Есеп бөлімі мыналарды қамтамасыз етеді:
-   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен бастапқы құжаттар үлгілері негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялар жүргізу. Бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде бастапқы есептік құжаттар үлгілерін әзірлеу. Университеттің қаржылық қызметінің нәтижелері мен шаруашылық үдерістері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
-   бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың пайдаланылуына, мүліктердің болуы мен қозғалысына бақылау жасау;
-   республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарды есептеп, аудару және салық декларациясын жасау;
-   сыртқы міндеттемелер мен қаржыландыруларды бақылау;
-   университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізу;
-   университеттің негізгі қаражаттары, айналым қорлары мен ақша қаражаттарын  есепке алу, шығындар сметасының орындалуы;
-   ақша қаражаттарына, тауарлы-материалдық қорлар мен есептерге уақтылы түгендеу жүргізілуіне бақылау жасау;
-   ақша қаражаттарының қозғалысына қатысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттамалы түрде көрсетілуін қамтамасыз ету;  
-   есепке алу, есептілік және қаржылық бақылауға қатысы бар мәселелерді қараған кезде тиісті органдарда университеттің мүдделерін білдіру;
-   бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда әріптестермен жасалған келісімшарттардың орындалуына бақылау жасау;
-   есеп бөлімінің келешекке жалпы даму жоспарын әзірлеу;
-   кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалармен өнім алу, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге арналған тікелей келісімшарттар жасау;
-   мектеп, колледж оқушылары, курс тыңдаушылары, күндізгі және сырттай оқу түріндегі студенттер, магистранттар мен аспиранттардың, шығарылатын өнімдер, орындалатын жұмыстар мен басқа да көрсетілетін қызметтердің шығындар сметаларының орындалуына бақылау жасау;
-   ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, мамандар мен оқушылардың республика мен шетелдердің белді жоо-да дайындалуын, тағылымдамадан өтуін уақтылы қаржыландыруға бақылау жасау.


 
 
 
 
left direction
right direction
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
IPRbooks
KazKom
Финансовый центр
e-history.kz
G Global
Темпус
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
polpred.com -Обзор СМИ
Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева
Карагандинский Государственный Технический Университет
Электрондық үкімет