Featured

«Медиа және журналистика» тренинг

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша «Медиа және журналистика» тақырыбында тренинг өткізді.

Kафедраның аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Қ.Оразова журналистика мамандығының білім алушыларына ҚР Ұлттық аударма бюросынан қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы аясында шыққан авторлар Ли Энн Пек, Гай С.Рилдің «Медиа этика» және Б.Жейсон, Гок Никола, Тайнан Лиздің «Медиа және журналистика: теория мен практикаға көзқарас» кітаптарының таныстырылымын өткізді. Оқулықтарда медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондықтан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болатындығын айтты. Университет түлегі, «Арай-Сити» сауда ойын-сауық орталығының қоғаммен байланыс маманы Ерболат Тұрсынқожа қазіргі сұқбат алудың әдіс-тәсілдері, дұрыс сұрақ қоя білу, өз бағытыңды айқындау, әлеуметтік желіні сауатты пайдалану мәселелері бойынша шеберлігімен бөлісті. Кликбейт, фейк, контент терминдеріне түсінік берді.Медиа дәуірінде, конвергентті журналистиканың дамыған заманында әмбебап болу, сауатты әрі жылдам ақпарат тарату арқылы бедел жинау мәселесі және аталмыш оқулықтағы теориялық тұжырымдар бойынша ой бөлісті. Тренингті өткізудегі басты мақсат – медиа маманы болуға талаптанған студентті журналистиканың негізгі принциптеріне баулу. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маман ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсету. Нәтижесінде тренингке қатысушылар ризашылықтарын білдіріп,өздері үшін пайдалы шара болғандығы жөнінде жүрекжарды пікірлерін білдірді. Тренингке кафедраның аға оқытушысы, магистр А.Әбдіразақова, оқытушы, магистр Г. Есімова, №1 оқу ғимаратындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі Р.Т. Доспаева қатысты.

уроки Joomla

forerunner 235