Featured

«Қазақтың Қадыр Мырза-Әлісі» әдеби печа-куча

       Қорқыт Ата атындағы ҚМУ–ң ғылыми-техникалық кітапханасы ұлтымыздың көрнекті ақыны, аудармашы, балалар әдебиетінің өкілі, ҚР Ән ұранының сөзін жазған авторларының бірі Қадыр Мырза-Әлінің (1931-2011) 85 жылдығына орай «Қазақтың Қадыр Мырза-Әлісі» тақырыбындағы әдеби печа-куча ұйымдастырды. Ақынның шығармалары қазақ поэзиясына жаңа үн, ерекше серпін әкелгені белгілі.

Кітапханашылар Ж.Мұхамедчина мен А. Рабатова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді шағын слайд түрінде оқырмандарға ұсынды. Еркін форматта өткен әдеби кеште университеттің «Гуманитарлы-педагогикалық» және «Дәстүрлі өнер» институттарының «Физика және математика», «Информатика және ақпараттық коммуникациялық технолониялар» «Дәстүрлі музыкалық өнері» кафедраларының студенттері белсене қатысып, бірі Қадыр Мыра-Әлінің өлеңдерін жатқа оқыса, енді бірі өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады. Ақынның жұмбақтары мен «егізсыңарлар» деп аталатын философиялық тың тұжырымдарынан да үзінділер қамтылды. Бүгінгі печа-куча мақсаты – ақын Қадыр Мырза-Әлінің мұрасын халыққа, соның ішінде білім алушы жастарға таныту болатын. Әрине, сәл ғана уақыттың ішінде жылдар бойы жазылған ақынның мол шежіресін айтып тауысу мүмкін емес, дегенмен Қазақтың Қадыры туралы естелік жастар жадында қалатынына сенімдіміз.

    

уроки Joomla

forerunner 235