Featured

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» - Smart-reading

     Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасы «Гуманитарлы-педагогикалық» институттың «Орыс тілі және орыс әдебиеті» кафедрасымен бірігіп, ҚР Ұлттық Аударма Бюросынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері туралы жазған кітабы бойынша орыс тілі мен тарих мамандықтары студенттері үшін smart-reading ұйымдастырды.

      Кафедраның аға оқытушысы педагогика ғылымдарының кандидаты Сәуле Тұрарқызы Жарболова осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрген әлемнің 40 тіліне аударылып, 30 миллион данамен таралған №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленген оқулықты арнайы слайд арқылы білім алушылар назарына ұсынды. Бұл оқулықты жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға оқитындығын және миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналғандығын қызғылықты мысалдар келтіре отырып сипаттады. Кітапхана қызметкері Р. Доспаева іс-шараны қортындылай келе, білім алушыларға төрткүл дүниені толық мойындатқан «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабын алып оқи отыра кез келген жанды мазалайтын: мақсатқа жетудің, маңызды әрі шұғыл шаруаның тез орындалу және көлденең келетін жаңа сынақтарға төтеп беру жолдарын қалай меңгеруге болатынын білгілеріңіз келсе, осы оқулықты оқыңыздар деп кеңес берді.

   

уроки Joomla

forerunner 235