Ректор Өзбекстанда білім алған студенттермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 қараша 2023
  • 457

Ректор Өзбекстанда білім алған студенттермен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 15 студенті қыркүйек айынан бастап Өзбекстан Республикасында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білім алды.
«Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінде оқып, елге оралған студенттермен оқу орнының басшысы Бейбіткүл Кәрімова кездесті.  
Білім алушылар көршілес мемлекетте «Су ресурстары және суды пайдалану», «Кадастр және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша 3 айға жуық білім алды. 
Кездесуде студенттер өзбекстандық ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен, кітапханадағы құнды еңбектермен танысқанын, практикалық жұмыстар жүргізгенін атап өтті.
Жиында ректор «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқып келген студенттер өзге де білім алушыларға  тәжірибесімен бөлісу керегін атап өтті.

196.jpg

197.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...