Археолог ғалымдар дәріс өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қараша 2023
  • 533

Археолог ғалымдар дәріс өткізді

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құрметті профессоры» Жолдасбек Құрманқұлов және Я.Гулямов атындағы Археология институтының (Өзбекстан Республикасы) аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Айсұлу Искандерова білім алушыларға дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2023-11-30 at 15.20.51.jpeg

WhatsApp Image 2023-11-30 at 15.20.52.jpeg

Дәріске профессор-оқытушылар, «Археология және этнография» ғылыми орталығының қызметкерлері, «Тарих және археология» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.  

Жолдасбек Құрманқұлов Арал маңы сақтарының Шірік Рабат, Бәбіш-мола, Бұланды ескерткіштерінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі және Арал маңы археологиясына тоқталып,  болашақта атқарылатын жұмыстар жайлы ойларымен бөлісті.

Айсұлу Искандерова Орта Азия және Өзбекстан Республикасының  археологиясы, аймақтағы антикалық қалалар, қазба жұмыстары және археологияда қолданылатын жаңа зерттеу әдістері туралы дәріс оқып, презентациялық материалдарды қатысушылар назарына ұсынды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...