Жас кәсіпкерлер үшін ауқымды стартап жобалар жүзеге асады
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 қазан 2022
  • 390

Жас кәсіпкерлер үшін ауқымды стартап жобалар жүзеге асады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде бес жылдан бері кәсіп ашуға қызығушылығы бар жастар үшін «Кәсіпкерлік орталығы» жұмыс жасайды. Сәйкесінше, биыл алғаш рет Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық жоба іске қосылмақшы. Бұл жоба 16 қазан-16 қараша аралығында өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «Businees start» кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев мәлімдеді. 
 «Біздің орталық 5 жылдан бері жастардың инновациялық және IT саласының жобаларын дамытумен айналысып келеді. Қазіргі таңда Astana Hub халықаралық технопаркі  «Startup Orda» аймақтық стартап-бизнес инкубаторын іске қосуда. Қазақстанның 10 қаласында 300 онлайн және офлайн білім беру іс-шарасы қолға алынады. Инкубаторға қатысу арқылы  сіз өзіңіздің IT жобаңызды  іске қосудың тиімді тәсілдерін және  алғашқы инвестиция тартуды үйренесіз. Стартап-инкубатор  бағдарламасының қатысушыларының арасында 5 000 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, бүгінде ENACTUS KAZAKHSTAN-ның бас офисі арасында меморандум жүргізілуде»,-деді Жанарыс Тубекбаев.
Сонымен қатар, студенттер мен оқушылар үшін «HACKHATON» конкурсы ұйымдастырылуда. Студенттерге  450 000 теңге қаржылай сыйақы, ал мектеп оқушылары үшін Қорқыт  ата атындағы Қызылорда университетінен  арнайы гранттар бөлінеді. Бұдан бөлек, облыс жастары арасында дәстүрлі түрде «PECHAKUCHA» танымдық-тренинг кеші ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде белсенді, креативті жастарға арналған «ENACTUS KAZAKHSTAN» ұйымы жұмыс істейді.  «ENACTUS KAZAKHSTAN» 33 мемлекетте құрылған, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік бағыттағы жобалармен жұмыс жасайтын әлемдік ұйым. Білім алушыларды бизнес-идея, жоба жасауға баулу мақсатында 8 қазан күні Студенттер сарайында «ROAD SHOW» бағдарламасы өтеді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...