«Экономика және басқару» кафедрасы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Экономика және басқару» кафедрасы

Кафедра туралы


Кафедраның жұмысы нақты мақсатқа – экономика, мемлекеттік қызмет, әлеуметтік қорғау және  туристік қызмет көрсету салалары бойынша Қазақстанның ұйымдары мен мекемелерінде табысты қызмет етуге жеткілікті кәсіби және тұлғалық құзіреттілікке ие, бәсекеге қабілетті білім деңгейі, біліктілікпен кәсіптік дағдыларды меңгерген жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Кафедра алдына қойылған міндеттердің бірі - ел экономикасы мен оның өңірлері, халық шаруашылығы мен оның салаларын, мемлекет пен оның аумақтық құрылымдарын басқару салаларында кәсіптік құзіреттілік пен сапалы жоғары білімді, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті, интеллектуалды тұрғыда дамыған, кәсіби құзіретті, әлеуметтік белсенді, көптілді, жоғары шығармашылық және рухани әлеуеті бар патриоттық тұлғаны, заманауи жаһандық үдерістерді талдай алатын мамандарды қалыптастыру. 2018 жылдан бастап жас мемлекеттік қызметшілерге арналған "Абырой" мемлекеттік қызмет мектебі жұмыс жасауда.Аталған мектептің мақсаты –мемлекеттік қызметке жоғары білікті,құзіретті,талантты кадрларды дайындау.

> «Экономика және басқару» кафедрасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат:
- 6B04140 -«Экономика»; 
- 6В11401-«Әлеуметтік жұмыс» ;                                                                          
- 6В11177-«Туризм» ;       
- 6В04139-«Мемлекеттік және жергілікті басқару»; 
Магистратура:
- 7M04140 -«Экономика» (ғылыми-педагогикалық) ;                      
- 7M04101 -«Экономика» (бейіндік)
- 7M04141 -«Менеджмент» (ғылыми-педагогикалық);
- 7M04103 -«Менеджмент» (бейіндік);
- 7М04139-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» (ғылыми-педагогикалық) 
- 7М04102-«Мемлекеттік   және жергілікті басқару» (бейіндік)                                   
Докторантура:
                                 
- 8D04140 -«Экономика»
- 8D04139-«Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Халықаралық байланыс


   2014 жылдан бастап «Білім беру жүйесіндегі үштілділік» бағдарламасына сәйкес кафедрада  «Экономика»,  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кафедра оқытушылары жыл сайын шетелдік және отандық білім ошақтарында біліктіліктерін арттыру семинарлары мен курстарға қатысып, өз біліктіліктерін шыңдай түсуде. Кафедра доценті Казбекова Л.А.Эрасмус Мундус Канем – 2 бағдарламасы бойынша Лас Пальма Де Гран Канария университетінде (Испания) және банк колледжінде, Прагада (Чехия); аға оқытушы Смагулова Ж.Б. аталған бағдарлама бойынша Генуи университетінде (Италия) және Балеар аралдары университетінде (Халықаралық бизнес университеті) тағылымдамадан өтті. Кафедра доценті А.Ш.Абдимомынова Нидерланды мемлекетінің Лейден университетінде «University Management I», Испанияның Барселона Еуропалық унитверситетінде «Strategiс management in higer education» семинарларына қатысса, аға оқытушылар Г.Б.Дузельбаева, У.Д.Берикболова, Г.Ж.Рысмаханова, Ж.Б.Смагулова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияның Монтре Бизнес мектебінде «Pedagogical Diagnostic, Evaluation and Management of Education Quality» курсында дәріс алды. Оқытушылар А.К.Бекхожаева, У.Д.Берикболова «Мевлана» бағдарламасы арқылы Түркияның университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Аға оқытушы, э.ғ.к. М.А.Умирзакова «New Trend in Economics and Innovative Methodological Approaches in Europe» тақырыбында Будапешт техникалық-экономикалық университеті өткізілген семинарға қатысты. Кафедра оқытушылары:М.Ш.Кушенова (2009),А.Ш.Абдимомынова (2010 ж.), Қ.Н.Бекетова (2013 ж.) және М.А.Умирзакова (2015 ж.) - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанды. Сонымен бірге, кафедраның білім алушылары студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша Польшаның Лодзь, Катовице университтерінде, Ресей Федерациясының Ростов-на-Дону қаласындағы Южный Федеральный университетінде, Орынбор мемлекеттік университетінде, Түркияның Ченкыры Каратерен университетінде, Оңтүстік Кореяның Каннам университеттерінде білім алуда.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Рысмаханова Гүлмира Жұмабекқызы

  • Лауазымы: Кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Казбекова Лиман Айдарбековна

  • Лауазымы: Профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Бекетова Камар Назарбековна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Умирзакова Меруерт Абдуалиевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Муханова Айгуль Ерденбековна

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор м.а., экономика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Талапбаева Гульнар Едиловна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Дузельбаева Гульшат Берикбаевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Берикболова Улжан Доскалиевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ким Венера Владимировна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Кушенова Майра Шаймагамбетовна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Жусупов Айболат Ертаевич

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Абдишова Гульбахыт Берликовна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Смагулова Жанна Баглановна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Култанова Нургуль Бахытбековна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Темирбекова Эльмира Темирбековна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Мұхтарова Ақмарал Мұхтарқызы

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Шайхисламова Гульсара Шайхисламқызы

  • Лауазымы: Экономика және бизнес магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ерниязова Жанат Нурахметовна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Бекешева Дана Айтбаевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Кабакова Гульнур Едиловна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Жаппарханова (Абжанова) Жауқазын Уразовна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Утегенова Камшат Амандыковна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Махамбетова Мария Алиевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Шайнуров Абай Серикович

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Мусаева Гульшат Исаевна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ырза Бекзат Шәкімұратқызы

  • Лауазымы: Оқытушы, халықаралық қонақ үй бизнесі және туризм менеджменті магистрі
  • Ақпарат

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...