«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы

Кафедра туралы


«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы 2021 жылдың қыркүйегінде әрқайсысының өзіндік 30 жылдық даму тарихы бар екі кафедраны – «Қаржы» және «Есеп және аудит» кафедраларын біріктіру негізінде құрылды.

«Есеп және аудит» кафедрасы 1991 жылы құрылды және осы жылдар ішінде оны келесі ғалымдар басқарды: профессор, э.ғ.д. У.Ж.Шалболова, профессор, э.ғ.к. К.С. Сыдықов, қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. А.Ж. Наурызбаев, э.ғ.к. А.Т. Райымбекова, э.ғ.к. А.Д. Аймагамбетова, доцент э.ғ.к. А.А.Ахметова, қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. А.К.Оралбаева.   

«Қаржы» кафедрасы 1995 жылы құрылды және осы жылдар ішінде оны келесі ғалымдар басқарды: э.ғ.к. А.С. Жумахметов, э.ғ.к. Б.Н. Шаменова, э.ғ.к. Ж.А. Анафияева, э.ғ.к. А.К. Бахитжанов, э.ғ.д. Е.И. Махницкая, э.ғ.к. М.Ш. Кушенова, э.ғ.к. Б.Х. Айдосова, э.ғ.к.  К.С. Джрауова.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасын э.ғ. к. Б.Х. Айдосова басқарады.

Қазіргі уақытта кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 7 ғылым кандидаты, (А.Ж. Наурызбаев, Б.Х. Айдосова, Н.Ж. Уразбаев, А.Д. Аймагамбетова, Е.Ж. Ыдырыс, Б.К. Нурмаганбетова, А.А. Макенова), 2 PhD докторы (А.Ж. Бухарбаева, А.А. Аханова), 8 магистр ((Ш.А. Капанова, А.Ж. Машаева, М.У. Смайлов, Р.К. Айтманбетова, Ш.Ж. Сейтжагипарова, Г.Н. Бисембаева, Н.С. Кусаева, Н.М. Камалова)  және аға оқытушы (А.Ш. Алимбетов) бар.

Миссия мен стратегия


«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы бакалавриаттың 6B04141 - Есеп және аудит, 6В04143 - Қаржы білім беру бағдарламалары бойынша бизнес және басқару бакалаврларын, 7М04144 – Қаржы (ғылыми-педагогикалық), 7М04104 – Қаржы (бейіндік), 7М04145 - Есеп және аудит (ғылыми-педагогикалық), 7М04105 – Есеп және аудит (бейіндік) білім беру бағдарламалары бойынша экономика ғылымдарының магистрлерін даярлауды жүзеге асырады,

2019 жылы бакалавриаттың 6В04141 – Есеп және аудит, 6В04143 – Қаржы білім беру бағдарламалары, сондай-ақ 2021 жылы магистратураның 7М04144 - Қаржы (ғылыми-педагогикалық), 7М04145 - Есеп және аудит (ғылыми-педагогикалық) білім беру бағдарламалары бес жыл мерзімге мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті.

2014 жылдан бастап «Үштілді білім беру жүйесі» бағдарламасына сәйкес «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасында білім алушылар үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәрістер өткізіледі.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби сертификаттары бар екенін айта кету керек, атап айтқанда:


- қауымдастырылған профессор, PhD докторы А. Ж. Бұхарбаеваның «Кәсіби бухгалтер» сертификаты («Зерде» оқу орталығы, Астана қ., 12.05.2018 ж. сертификаты), «ҚР Салық консультанты» біліктілік куәлігі (салық консультанттары Палатасы, Нұр-Сұлтан қ., 05.08.2020 ж. сертификаты), аудитордың біліктілік куәлігі (ҚР аудиторлыққа үміткерлерді аттестаттау бойынша Қазақстан аудиторлар Одағының Біліктілік комиссиясы, Нұр-Сұлтан қ., 09.12.2020 ж. сертификаты) бар;

- қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. А.К. Оралбаева және аға оқытушы, э.ғ.м. А.Ж. Машаева «Кәсіби бухгалтер» сертификатына ие (Еуразиялық сертификатталған халықтық бухгалтерлері институты, Алматы қ., 10.06.21 ж. сертификаты);

- аға оқытушы, есеп және аудит магистрі Р.К. Айтманбетованың «Кәсіби бухгалтер» сертификаты («Мамандардың біліктілігін жоғарылату орталығы» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ, № 00596, 27.12.2021 ж) бар. 

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының келесі өндірістік филиалдары бар:

- «Консалтинг Центр ABN» ЖШС (директоры А. Ж. Бұхарбаева);

- «G. Global Group» ЖШС (директоры Г. Я. Танатова);

- «Bereke Bank» АҚ Қызылорда филиалының бөлімшесі (бөлімше бастығы А. Ж. Жетпісбай);

- «Jusan Garant» Сақтандыру компаниясы» АҚ Қызылорда филиалы (директоры З. М. Айекенова).

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары кафедраның өндірістік филиалдары «Консалтинг Центр ABN» және «G. Global Group» жауапкершілігі шектеулі сетіктестіктерінде оқытылатын пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді және тиісті сертификаттары бар.

2022 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында 6В04141 - Есеп және аудит және 6В04143 – Қаржы білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші курстың 69 студенті кафедраның өндірістік филиалы  «Консалтинг Центр ABN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (директоры А. Ж. Бұхарбаева) «1С:Кәсіпорын 8.3» курсы бойынша кәсіби сертификаттаудан өтіп, тиісті сертификаттар(36 сағат) алды.

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы алыс шетелдермен халықаралық ынтымақтастық аясында келесі ғалымдармен тығыз байланыста:

- София ұлттық және әлемдік экономика университетінің профессоры, э.ғ.д. Д.М. Хаджиниколов (София қ., Болгария);

- «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры, PhD докторы Е. В. Ставрова (Благоевград қ., Болгария);

- Борнмут университетінің профессоры В. Филимонов (Борнмут қ., Ұлыбритания);

- Сакарья университетінің профессоры М. Чаглар (Сакарья қ., Түркия).

Жоғарыда аталған барлық профессорлар «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының білім алушыларына дәрістер өткізді, сондай-ақ кафедраның ПОҚ үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

2020 жылдың желтоқсанында Сакарья университетінің (Сакарья қ., Түркия) «Еңбек экономикасы және салалық саясат» кафедрасымен бірлесіп «Экономиканы дамыту мен құқықты жетілдірудің пандемиядан кейінгі модельдері: мүмкіндіктер мен тәуекелдер. PMOR2020» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.

2021 жылдан бастап «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры, PhD доктор Е.В. Ставрова (Благоевград қ., Болгария) академиялық ұтқырлық шеңберінде экономикалық мамандықтардың барлық студенттері үшін онлайн-форматта дәрістер өткізеді.

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы жақын шетелдермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінің (РФ, Курск қ.) «Қаржы және несие» кафедрасымен, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің (РФ, Қазан қ.) «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасымен тығыз байланыста болады.

 2021 жылдың наурыз айында Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінің (РФ, Курск қ.) «Қаржы және несие» кафедрасымен бірлесіп Leader-ID платформасында «Цифрлық экономиканың экожүйесін қалыптастыру стратегиясы» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясын онлайн-форматта өткізілді.

2021 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, профессор, э.ғ.д. Г.С. Клычова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институтының магистранттары мен докторанттарына офлайн форматта оқу дәрістерін өткізді, сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен ПОҚ үшін «Желілік оқыту нысаны шеңберінде магистрлерді даярлау бойынша негізгі білім беру кәсіби бағдарламасын әзірлеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

2022 жылдың наурыз айында Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің (РФ, Қазан қ.) «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасымен бірлесіп онлайн - форматта «Бухгалтер мамандығы-ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқарудың маңызды құралы» атты X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

2022 жылғы 11 сәуірде Ғылым қызметкерлері күні аясында «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының білім алушылары мен ПОҚ үшін Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің (РФ, Қазан қ.) жетекші ғалымдарымен онлайн-семинарлар өткізді:

- «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының доценті, э.ғ.к. М.М. Залалтдинов «Ақша несие саясатының заманауи құралдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді;

- «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Р.И. Нуриева «Қазіргі жағдайда 41 «Ауыл шаруашылығы» ХҚЕС бейімделуі» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

2022 жылдың мамыр айында Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің (РФ, Қазан қ.) «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасымен бірлесіп «Цифрлық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту» атты онлайн-форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасында «Қаржыгерлер мен есепшілер» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, 2022 жылдың 27 сәуірінде «Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы» атты XXIV студенттердің ғылыми шығармашылығы мен жетістіктері көрмелерінің байқауының «Үздік бизнес-жоспар» номинациясы бойынша диплом табысталды.

УиА-18-1 п/я тобының студенті Р. Бержанов 2020 жылы Нарықтық экономика жағдайында мал шаруашылығының ерекше саласы ретінде қой шаруашылығының экономикалық тиімділігі» тақырыбында ғылыми жоба дайындады, ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тәуелсіз Елдер Достастығының 2020 жылғы жас ғалымы» төсбелгісінің иегері болып табылады, ТМД елдерінің «Үздік жас ғалым-2020» 1-ші Халықаралық кітап басылымының тізімге енгізілген.

2021 жылдың қазан айында Фин-18-1 п/я Л. Тыныштық, С.С. Сисен, Б.К. Кадырбек, Н.Ж. Матназарова, К.Б. Елубай тобының студенттері Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінде (Курск қаласы, Ресей) «ХХІ ғасыр қаржысы» атты студенттердің курстық, ғылыми-зерттеу және бітіруші біліктілік жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысты және тиісті номинациялардағы жеңісі үшін дипломдар алды.

2022 жылдың сәуір айында «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының студенттері мен магистранттары «Экономиканың стратегиялық даму жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің өзекті мәселелері» атты жас ғалымдардың Бүкілресейлік (ұлттық) ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Фин-19-1 оқу тобының білім алушылары К.Б. Елубай, УиА-20-1 оқу тобының білім алушылары А.Б. Алмат, А.Д. Әлімжан, Г.Р. Рустембекова, УиА-19-1 оқу тобының білім алушысы Ә.Т. Бекенова, УиА-20-1м тобының магистранты Р.Ә. Пернебек, Фин-21-1м тобының магистранты А.Қ. Әлімхан 3-дәрежелі диплом алды. УиА-18-1 п/я оқу тобының білім алушылары Р. Біржанов, М. Данышпан, Д. Жолдасов, УиА-19-2 оқу тобының білім алушы Д. Алмаз, УиА-20-1м тобының магистранты Г. Мұратбай 2-дәрежелі диплом алды.

2022 жылдың шілде айында Фин-19-1 п/я оқу тобының білім алушылары К.Б. Елубай, Ш. Жарасбек, Т.Т. Кенжебай, К.Е. Эртаева Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінде (Курск қаласы, Ресей) «ХХІ ғасыр қаржысы» студенттердің курстық, ғылыми-зерттеу және бітіруші біліктілік жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысты және 1 дәрежелі жеңімпаз дипломын алды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Айдосова Бахитжамал Хангереевна

  • Лауазымы: Кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Наурызбаев Асылбек Жумабаевич

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Бисенова Роза Аяшевна

  • Лауазымы: Экономика және бизнес магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Оралбаева Айжан Куанткановна

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Макенова Айгүл Әкімжанқызы

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
  • Ақпарат

Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, Ph.D доктор
  • Ақпарат

Kусаева Нұргүл Сатжанқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, экономика магистрі
  • Ақпарат

Алимбетов Аскат Шынгысбаевич

Капанова Шолпан Аманжоловна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Нурмаганбетова Бегзат Кошеровна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, экономика ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Смайлов Мурат Омирзакович

  • Лауазымы: Аға оқытушы, экономика магистрі
  • Ақпарат

Сейтжагипарова Шынар Жанибековна

  • Лауазымы: Оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Айтманбетова Рауа Каратаевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, есеп және аудит магистрі
  • Ақпарат

Камалова Назым Маратқызы

  • Лауазымы: Экономика ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Бисембаева Гульнур Нуралиевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, статистика магистрі
  • Ақпарат

Машаева Аягоз Жантуреевна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, есеп және аудит магистрі
  • Ақпарат

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...