«Құқықтану» кафедрасы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

«Құқықтану» кафедрасы

Құқық бағыты бойынша білім беру бағдарламалары:

6В04245 –Құқықтану (Азаматтық құқықтық)

6В04246–Құқықтану (Қылмыстық құқықтық)

6В04247–Әкімшілік әділет

Кафедра тарихы


Кафедраның құрылуы 1992 жылы тарих факультеті құрамында аймағымыздағы алғашқы мамандандырылған құқықтық білім беретін кафедра ретінде өз жұмысын бастаған болатын. Кафедра тарихының жарқын беттері, атап айтар болсақ, ғылым және құқықтық білім берудің  ең үздік шақтары 1992-2000 жылдарға сәйкес келеді, өйткені сол жылдары кафедраны елімізге белгілі қоғам қайраткері, «Құқықтану» кафедрасының  негізін қалаушы, Сыр өңірірінен шыққан тұңғыш кәсіби философ, ф.ғ.қ. профессор М.М.Матаев басқарды. Сол жылдары кафедраның негізгі құрамының қалыптасып, аяғынан нық тұруына, оның алғашқы оқытушы-профессорлар құрамында қызмет атқарған Т.Үмбетова, А.Тасыбева, Б.С.Ахметов, Ж.А.Исаева, Г.Ж.Сыздықова, М.А.Қошманов М.Қ.Жүсіпбекова, М.А. Ақмұрзаев, Н.С.Байқадамовтар зор үлестерін қосты. Сыр өңірінің экологиясының құқықтық  мәселелерін алғаш болып көтеріп, сол тақырыпта ғылыми жұмысын қорғаған Ж.А Исаеваның да орны ерекше.

«Құқықтану» кафедрасы қазіргі таңда жетекші кафедралардың бірі. Ол өңіріміздің ғана емес, Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орындарының арасында заңгер мамандарын даярлайтын кәсіби кафедра ретінде де  танымал. Кафедраның  ғылыми жұмыстарының негізі - әлемдік және еліміздің заң ғылымының жаңа жетістіктерін қолдану және университеттің жетекші құрамдас бөлігі болып қалыптасуы біздің профессор-оқытушылар құрамына заң ғылымдарының басым бағыттары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу міндетін жүктейді. Жыл сайын осы білім беру бағдарламасымен  білім алғысы келетін талапкерлер саны артып келе жатқанын  уақыт көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда Құқықтану кафедрасы 6B04246-Құқықтану (Қылмыстық құқықтық),  6B04245-Құқықтану (Азаматтық құқықтық), 6В04247–Әкімшілік әділет білім беру бағдарламалары аясында жоғары білім берілуде. Сонымен қатар аталмыш білім беру бағдарламаларының студенттері магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктері бар. Құқықтану кафедарсында үш доцент, оннан астам ғылым кандидаттары мен ғылым магистрлері, сонымен қатар, құқық қорғау органдары жоғары тәжірибелі мамандары қызмет атқаруда. Студенттік заң клиникасының үздік студенттері халыққа тегін заң кеңесін беріп келеді.

Заңгер білім беру бағдарламасын бітіруші түлектер әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарында тәжірибе жинақтайды. Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, шетелдерде өз білімін шыңлап келді. Қазіргі кезеңде кафедра халықаралық байланыстарын  жетілдіре отырып, бірнеше ЖОО сенімді байланыс орнатқан. 

Құқықтану мамандығының студенттері Республикамыздағы көпсалалы жоғары оқу орындарының дайындаған заңгер мамандары, соның ішінде біздің  университет түлектері қазіргі кезде мемлекеттік қызмет саласында, салық органдарында, ішкі істер және прокуратура органдарында, сот жүйесінде, сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдарда  табысты қызмет атқарып жүр. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен құқықтық сала мекемелері арасында қол қойылған екі жақты меморандум аясында университет студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, өз біліктілігін шыңдауға толық мүмкіндіктері бар.

Кафедраның ғылыми-ізденістерінің негізгі бағыттары


- ҚР Конституциялық құқығы;

- Мемлекет және құқық теориясы;

- ҚР Қылмыстық құқығы;

- Криминалистика;

- Криминология;

- Прокурорлық қадағалау;

- Экологиялық құқық;

- ҚР Еңбек құқығы

Қазіргі таңда ҚР Тұрғын үй құқығы, ҚР Аграрлық құқығы, ҚР Экологиялық құқығы және мемлекет және құқық теориясы пәндерінен оқу-әдістемелік жұмыстар дайындалып, жарық көрді. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми жұмыстарына да басшылық жасап, дәстүрлі кафедра ішілік студенттер конференциясы мен пән олимпиадаларын ұйымдастырылып отырады.

«Құқықтану» кафедрасы жанында студенттерге криминалистиканың негізгі элементтері бейнеленген стендлері бар криминалистика кабинеті, криминалистикалық зерттеуге қажетті құрал - жабдықтармен жарақталған зертхана жұмыс істейді. Мысалы, саусақ іздерін алу, оқиға болған жерді қараудың маңызды құралы болып табылатын тергеуші чемоданы және фотоаппаратура-криминалистикалық лабораторияның негізгі құрал-жабдықтарының бірі. Олардың көмегі арқылы студент оқиға болған жерді қарау әдісінің болашақ заңгерлер қызметіне аса қажеттілігін ескере отырып, ашылған оқу криминалистикалық полигонында теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сот процесін жүргізуді үйретуде студенттердің өздерін қатыстыра отырып сабақ өткізу мақсатында сот мәжіліс залы жұмыс жасайды. Бұл залда студенттердің өздерін нағыз сот алқасы, прокурор, адвокат есебінде тани алуына барлық жағдайлар жасалған. 

Оқу әдістемелік жұмыстар 


Оқу процесінде «Құқықтану» мамандығындағы студенттерге қажетті пәндердің көлемін қамтыған. Оқытудағы инновациялық әдістердің қолданылуы білім алушыларды дайындауда сапаның әрдайым жоғарылауына септігін тигізеді. Тұлғаның белсенділігін арттырудың маңызды жолы оқытудың белсенді әдістерінде. Мамандарды әртүрлі бағытта дайындау барысында оқытудың белсенді әдістерін пайдалану қажетті білім мен кәсібилігін қалыптастырып қана қоймай, кәсіби қиындықтар кезінде тиімді шешімді қабылдау қабілеттілігін арттырады. Кафедра оқытушылары дәріс және семинар сабақтары кезінде оқытудың әртүрлі инновациялық әдістерін қолданады.
Материалдық техникалық база 


Құқықтану кафедрасында сот залы мен криминалистикалық зертханасы жұмыс жасайды. Зертхана ішінде ұрлық және кісі өлтіру қылмыстары бойынша полигондар бар. Сонымен бірге «Вертуалды зертхана» жұмыс жасайды. Кафедрада және университеттегі құқықтық емес басқа мамандықтарға қызмет көрсететін «Құқықтану» кабинеті жұмыс жасайды. Ондастуденттер «Юрист» заң базасымен жұмыс жасауға, өздеріне қажетті нормативтік-құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік алады. 

Үйірмелер 


Заңгерлерді дайындау барысында «Студенттердің заң клиникасы» мен «Жас заңгерлер» үйірмелері жұмыс жасайды. Кафедра оқытушылары кәсіби біліктілікпен тұрғын үй, отбасылық, әкімшілік және еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтарға ақысыз кеңес береді. Сонымен қатар, «Құқықтану» кафедрасы республикадағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық соты, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Қызылорда облысы бойынша Әділет департаменті органдарымен ғылыми-практикалық семинарлар өткізіледі. 

Әріптестік байланыстар 


Кафедра республиканың және өзге мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасауда. 

Ішкі академиялық ұтқырлық және әріптестік байланыстар


- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;

- Қазақ гуманитарлық заң университеті;

- Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; 

- Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Ұлттық университеті;

- І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

Сыртқы академиялық ұтқырлық және әріптестік байланыстар: 

Оңтүстік Корея мемлекетінің Кангнам университеті;

Ресей Федерациясының О.Е.Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

Алтаев Ерлан Амангельдиевич

  • Лауазымы: Кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Исаева Жанат Амандыққызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Муйденова Алия Калжановна

  • Лауазымы: Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Ансатбаева Гульнара Дусеналиевна

Әбубәкірова Гүлнұр Мұратбекқыз

  • Лауазымы: Оқытушы, заң ғылымдарының магистрі
  • Ақпарат

Дарбаев Шынтемир Абдулович

  • Лауазымы: Аға оқытушы, практик маман
  • Ақпарат

Нысанкулов Амирхан Сейдалиевич

  • Лауазымы: Аға оқытушы, практик маман
  • Ақпарат

Милова Елена Викторовна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті
  • Ақпарат

Жусупбекова Мадина Қойшыбайқызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, доцент
  • Ақпарат

Канатбаев Темирхан Каржаубаевич

  • Лауазымы: Оқытушы, практик маман
  • Ақпарат

Маншарипов Айдарбек Жақсыбекович

Умиржанов Тлектес Умиржанович

  • Лауазымы: Аға оқытушы, практик маман
  • Ақпарат

Исаева Айнұр Женисовна

  • Лауазымы: Философия докторы, аға оқытушысы
  • Ақпарат

Утегенова Гульзат Амандыковна

  • Лауазымы: Оқытушы, заңтану магистрі
  • Ақпарат

Каржаубаева Ляззат Майлибаевна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Молжанов Серик

  • Лауазымы: Аға оқытушы, практик маман
  • Ақпарат

Саниязова Еркемай Казбековна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Тойлыбекова Эльмира Орынтайқызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Отарбаев Ғанибек Сермағанбетұлы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Жумагулова Шолпан Рустемқызы

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Шукенова Жадыра Сламханқызы

  • Лауазымы: Заңтану магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Әліп Рахымжан

Жулдыбаева Ақманат Рыспековна

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Садыков Марат Абдулахатович

  • Лауазымы: Университеттің криминалистикалық зертханасының меңгерушісі
  • Ақпарат

Шаймағанбетов Әмірбек

Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы

Утегенов Амиржан Сермаханович

  • Лауазымы: Заң ғылымдарының магистрі, оқытушы
  • Ақпарат

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...