Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар қызметі
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар қызметі

galimzhan.jpeg

Жармаханов Ғалымжан Алтынбекұлы
Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар бөлімінің басшысы 

Әскерде борыш өтеу және өз Отанын қорғау Қазақстан Республикасының барлық әскери міндетті азаматтарының қасиетті парызы болып табылады. Әскери есепке алу мемлекетіміздің әскерге шақырылатын ресурстарын есепке алу мен талдау жасаудың жалпымемлекеттік жүйесі болып табылады. Әскерге шақырылушы студенттерді әскери есепке алу, оқу кезінде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шақырылуды кейінге қалдыруды ресімдеу үшін университетте әскери-жұмылдыру бөлімі құрылды. Бөлім өз қызметін ҚР Конституциясы, Заңдары, ҚР Президенті пен Үкімет актілері және ҚР Қорғаныс Министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігінің ережелеріне сәйкес жүргізеді. Әскери-жұмылдыру бөлімінің құрылымын университет ректоры бекітті. ӘЖБ бастығы бөлімнің әскери-жұмылдыру шараларын орындау жұмыстарына басшылық жасайды; кезкелген жағдайларда АҚ пен ТЖ басқаруды қамтамасыз етеді; әскерилендірілмеген құрылымдарды құруды және оларды үйретуді ұйымдастырады; республика, облыс және қаланың командалық-штабтық жаттығуларына қатысады.

Университетте 4 құтқару командалары құрылған, олар Қызылорда қаласындағы АҚ пен ТЖ Департаменті өткізетін барлық құтқару шараларына қатысады. Сырдария өзеніндегі су тасу кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, ұйымдастырғаны үшін университет бірнеше рет қала басшылығының алғыс хаттарына ие болды.

Қызметі:
1. Әскерге шақырылушы студенттердің есебін жүргізіп, оларды әскери есепке алу;
2.Оқу кезінде әскер қатарына шақырылуды кейінге қалдыруды ресімдеу;
3. Университеттің әскери міндетті оқытушылары мен қызметкерлерін оларға әскерге шақырылудан дербес кейінге қалдырылуды беру үшін брондау және арнаулы есепке алу;
4. Құпия іс-қағаздар жүргізу, ҚМУ-гі мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын жоспарлау, есептілік жүргізу және құпиялық режимін қамтамасыз ету.

Құрылымы:
Жармаханов Ғалымжан Алтынбекұлы - Әскери-жұмылдыру және терроризмге қарсы жұмыстар бөлімінің басшысы 
Серикбаева Гулбахыт Койбагаровна - инспектор
Эл.почта: Gul1978gu@mail.ru 
Алмасбайқызы Толғанай - инспектор
Эл.почта: Tolya_91@mail.ru 

 
Байланыс телефондары: 27-05-83, iшкі телефон 144
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 А, Бас оқу ғимараты

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...