«Қорқыттану» ғылыми орталығы
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

«Қорқыттану» ғылыми орталығы

Карибозов.jpg

 Кәрібозұлы Бағдат
«Қорқыттану» ғылыми орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Міндеттері:
1. Студенттердің зерттеушілік шығармашылығын жан-жақты дамытуына жағдай жасау;
2. Гуманитарлық бағыт бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруға атсалысу;
3. Салалас кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға күш салу;
4. Тарих, филология және өнер мәселелері бойынша бекітілген ғылыми бағытқа сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5. Қазақ халқының мәдени өмірінде маңызы бар ғұлама ойшылдар мен ғалымдардың мұраларын, раритетті басылымдар, кітаптар, мұрағат деректері мен қолжазбаларды іздестіріп табу және оларға ғылыми сараптама жүргізу үшін жасақталған ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысу, алыс-жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларында ізденіс жұмыстарын жүргізу;
6. Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі Сыр өңіріндегі этникалық үдерістерді зерттеу, түркі халықтарының этникалық бірлігін насихаттау;
7. Өңірдің этнографиялық ерекшеліктерін айқындау, тарихи тұлғалардың мәдени-рухани және ғылыми мұраларын жинақтау;
8. Археографиялық ізденістер нәтижесінде табылған тарихи шығармаларды мемлекеттік тілге аударып, ғылыми айналымға енгізу;
9. Жас зерттеушілердің шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал жасау;
10. Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени мұралардың маңызын ашатын ғылыми-көпшілік басылымдар шығару.

Қызметтері:
1. Әдебиет және тарих мәселелері бойынша жергілікті, республикалық деңгейде ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, студенттік пікір сайыстарды ұйымдастыру және өткізу;
2. Әдебиет, тарих саласындағы ғылыми-оқыту және зерттеу қызметін іске асыру;
3. Әдебиет және тарих саласында ғылыми зерттеулерді іргелі ұйымдастыру және іске асыру, әдебиеттану, тарих пәндерінен оқу-әдістемелік материалдарды сараптау және дайындау;
4. Әдебиет, тарих мәселелерімен айналысатын барлық мемлекеттік органдар деңгейлерімен байланыс орнықтыру және өзара әрекеттесу;
5. Мамандандырушы кафедралардың докторанттары, магистранттары және студенттерінің зерттеу жұмыстарына тақырып таңдау, мақсат - міндеттерін айқындауға кәсіби түрде кеңес беру.

Құрылымы
Мустафаева Анар Абдикадиевна – PhD, доцент, жетекші ғылыми қызметкер
Эл.почта: rummana@mail.ru 
Телефон: 8(7242) 27-69-81
Ботабаева Жанат Тұңғышбайқызы - филология ғылымдарының магистрі, ғылыми қызметкер
Эл.почта: janat_kz_83@mail.ru 
Телефон: 8(7242) 27-69-81
Башенова Әлия Молдабекқызы – филология ғылымдарының магистрі, ғылыми қызметкер
Эл.почта: alinur81@mail.ru     
Телефон:  8(7242) 27-69-81
Жүзеев Серікхан Әлханұлы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, маман
Эл.почта: serik_juzeev@mail.ru    
Телефон: 8(7242) 27-69-81

 

E-mail: sirdaria@inbox.ru  
Байланыс телефондары: 8(7242) 27-81-69
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 40, 1- оқу ғимараты

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...