БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР

urazbaev-nurlan.jfif

Уразбаев Нұрлан Жеткергенұлы
Стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, академиялық доцент

Туған жылы: 26.01.1976 ж.
Туған жері: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы
Оқу орнының атауы және бітірген жылы: Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы, 1996 ж.
Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы: Бухгалтер-экономист, Экономика ғылымдарының кандидаты
Біліктілікті жоғарылату:
2016 жыл - Certificate in English as a Foreign Language. Eurospeak.  Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы
2017 жылғы 12 қазан -13 қазан аралығында «Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы қазіргі заманғы ЖОО академиялық саясаты» атты республикалық семинар-кеңес. Петропавл қаласы, Қазақстан Республикасы
2017 жылғы 2 - 3 қараша - «Компаниялар мен университеттердегі білімді басқару жүйесі: мәселелері мен келешегі» атты Қазақстандағы білімді басқару жөніндегі 1 Халықаралық конференция. Алматы Менеджмент Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
2017 жылғы 4 - 5 желтоқсан - Қазақстандағы Эрасмус+Бағдарламасының Ұлттық байланысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды Құралдар және Мәдениет жөніндегі Агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: басқару, құралдар және субъектілер» атты аймақтық семинар-тренинг. Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы
2018 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін - «Intensive English language training course and study on education program» қарқынды ағылшын тілі курстары. Кангнам университеті, Корея Республикасы
2018 жылғы 22-23 қараша – «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді кредиттік-жан басына қаржыландыру жағдайында ЖОО-лардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері» атты пікірталас үстелінде қазақстандық жоғары оқу орындары үшін «Академиялық және басқарушылық дербестікті кеңейту жағдайында ЖОО-лардың білім беру қызметі» тақырыбында оқыту семинары, Спикер
2018 жыл - «Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы ЖОО білім беру қызметі» оқыту семинары
2019 жыл - «Инновациялық басқару» Кәсіби бухгалтерлер институты
2019 жыл - «2019 жылы ХҚЕС-дағы жаңартулар. 2019 жылғы ҚР Салық кодексі» Кәсіби бухгалтерлер институты
2021 жыл - «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп»  ЖШС Кадрларды кәсіби даярлау корпорациясы

Еңбек жолы:
1996 - 1997 жж. - Қызылорда политехникалық институты, «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы
1997 - 2000 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аспиранты
2000 - 2002 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы
2002 - 2005 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы
2005 - 2007 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры
2007 - 2013 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика және қаржы департаментінің директоры-бас есепші
2013 - 2016 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры
2016 - 2017 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры міндетін атқарушы
2017 ж - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Басқарма  мүшесі-стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры

Ғылыми еңбектері:
Экономика, бухгалтерлік есеп, аудит, жоғары білімді және ғылымды қаржыландыру мәселелеріне арналған 40-тан аса ғылыми еңбегі мен оқу құралдары жарық көрді. 2 өнертабыстың авторы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінен қаржыландырған ғылыми жобалар
2013-2015 жж. «Арал өңірі жағдайында қорғалған жерде көкөніс өндірісі аз көлемді культивация және биотехнолгиялық негізгін өңдеу» ғылыми жобаны орындаушылардың бірі
2015-2017 жж.  Қызылорда облысының жылыжай  жағдайында көкөніс дақылдарының өнімділігін арттырудың технологиялық тәсілдерін ғылыми негіздеу ғылыми жобаны орындаушылардың бірі
2017 жылғы 5 шілде - 1 қазан аралығында «Топ-мененджментті тағайындаудың жаңа қағидаттарын ескере отырып, жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару органдарының қызметін мониторингтеу және бағалау» жобасының «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ жобасын орындаушылардың бірі

Марапаттаулар:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2007ж.,2017ж., 2018ж.)
«Қызылорда қаласына-200 жыл» мерекелік медалі (2018ж.)
А.Байтұрсынов атындағы қола медалі (2019ж.)
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2020ж.)

 

Мекен жайы: 120014 Қызылорда қаласы,Әйтеке би көшесі,29А
Телефон: 8 (7242) 27-84-51
Iшкі телефон: 132
e-mail: n_urazbaev@mail.ru 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...