Студенттік өмір
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

Студенттік өмір

 
Қош келдіңіз, студент!
Біздің мақсатымыз - сапалы білім беру, өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу және серпінді инновацияларды енгізу арқылы қоғамның прогрессіне ықпал ету, стандартты емес және тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті кадрлар даярлау.
 

Қорқыт Ата университетінде белсенді академиялық, қоғамдық, шығармашылық, спорттық өмір жүргізіледі, онда креативті идеялардың бастамашылары мен қозғаушылары студенттердің өздері болып табылады. Университет студенттердің кәсіби қалыптасуына, олардың шығармашылық, кәсіпкерлік әлеуетін ашуға қолайлы жағдай жасайды, Қазақстан Республикасының шегінде де, шетелде де жастардың қоғамдық бірлестіктері арасында байланыс орнатуға жәрдемдеседі.

Біздің Instagram: @korkyt_university  

Университетіміздің студенттік өмірі YouTube арнасының жаңалықтар порталында жарияланады, студенттерге арналған контент Tik-Tok аккаунты @qorqyt_students, сондай-ақ, баспасөз басылымында "СЫР ТҮЛЕГІ"  газеті жарық көрді. Университет өміріне белсенді қатысатын, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген студенттерді оқытуға арналған жеңілдіктермен көтермелейді.

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

newstudent.jpg

 

ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады. Студент жастардың әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Университет жастарының санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сінірту бағытында жұмыс жасайды. 

Өзін-өзі басқару және қызығушылықтары бойынша құрылған клубтардың, университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіреді. Қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды ұйымдастырады. 
Сонымен қатар университет білім алушыларының облыстық, республикалық және халықаралық түрлі ғылыми, мәдени, интеллектуалды және спорттық сайыстары мен жарыстарға қатысушыларды дайындайды және ұсыныс береді. 

Марат Нәбиден Маратұлы
Жастар ісі жөніндегі Комитет жетекшісі

СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР


     

лого04.jpg                                      еріктілер035.png                                 лого03.jpg

«Сырлы қалам» жас ақындар клубы       «GOOD DEED» еріктілер клубы       «Қыз Жібек» қыздар клубы   

zhasotan.jpg                                    dombira.png                                  enactus.png

«Жас Отан» жастар қанаты                  «Домбыра Думан» жыр-терме ұйымы      «Enactus» клубы    

sanaliurpak.jpg                                                                

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»            

 

Телефон: 8(7242) 27-41-91
e-mail: tarbie.320@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...