Докторантура
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 27-28-49, Приемная комиссия +7242 23-53-92

Докторантура

Докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 акдемиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Докторант – докторантурада білім алатын адам.

Докторлық диссертация – докторанттың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде тануға болатын теориялық ережелер әзірленген немесе ғылыми проблемасы шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы.

Философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның 13 білім беру бағдарламасымен білім беруді жүзеге асырады. Оқу мерзімі 3 жыл.

Университет халықаралық аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді әріптестік жұмыс жүргізуде. Білім алушылар Түркия, Польша, Ресей, Әзірбайжан, Татарстан және Башқұртстан сияқты шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу институттарымен жасалған ынтымақтастық келісімдері аясында ғылыми тағылымдамадан өтіп, белгіленген тәртіппен білім бағдарламаларын игереді.

 

Докторантураның білім беру бағдарламалары

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі  Білім беру бағдарламалары топтарының атауы  Мамандық шифры мен атауы

8D01 Педагогикалық ғылымдар

D001 Педагогика және психология  1. 8D01101 - Педагогика және психология 
D003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау 2. 8D01303 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
D010 Математтика педагогтерін даярлау 3. 8D01510 - Математика педагогтерін даярлау
D011 Физика педагогтерін даярлау 4. 8D01511 - Физика педагогтерін даярлау
D013 Химия педагогтерін даярлау 5. 8D01515 - Химия педагогтерін даярлау
D014 Биология педагогтерін даярлау 6. 8D01517 - Биология педагогтерін даярлау
D017 Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау 7. 8D01721 - Қазақ тілі мен әдебиеті

8D04-Бизнес, басқару және құқық

D070 Экономика  8. 8D04140 - Экономика
D071 Мемлекеттік және жергілікті басқару 9. 8D04139 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

D124 Құрылыс 10. 8D07365 - Құрылыс
D125 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру     11. 8D07366 - Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру

8D08  Ауыл шаруашылығы және биоресурстар 

D131 Өсімдік шаруашылығы 12. 8D08171 - Агрономия
D137 Агроинженерия     13. 8D08675 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Жедел желі

+ 7242 27-28-49

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...