Вопросы-Ответы

Сұрақ: Менің бір сұрағым бар еді. Осыдан бес ай бұрын ағам қызды болды. Есімін "Ая-Бегім" деп қоймақшы болып едік. Біздің заңда сызықшамен (Ая-Бегім) немесе бөліп жазуға (Ая Бегім) болмайды екен. Құжат беретіндер солай дейді. Ақыры Аябегім болып кетті. Кейіннен бір таныстарым Салтан Сәкен атты бір адамның сызықшамен бөліп жазуға болатынын дәлелдеп, АХАЖ-дағыларды жеңіп шыққанын айтты. Заңды білесің ғой. Анығы қалай?

Жауап берген Сламжанова Ажар:Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 63-бабында баланың ат алуға құқығы туралы - БӨЛЕК жазылған жағдайда ҚОСАРЛАНҒАН ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс екені анық көрсетілген.