Вопросы-Ответы
Печать
гороскоп на завтра
планшет купить

Сұрақ: Менің досым бар бұрын үйленіп ажырасқан баласы бар 6 жаста ол анасымен бірге... енді досым үйді жерді немесе т.б жылжымайтын жылжымалы мүліктерді өз атына аударса бұрынғы әйелі немесе баласы оған претендовать ете ма?

Жауап берген Сламжанова Ажар:Баласы заңды мұрагер болып табылатындықтан, егер әкесі қайтыс болып жатқан жағдайда оның артынан қалған мүлігіне баласының өзіне тиесілі бөлігін иемденуге құқығы бар. Және қайтыс болғанда басқа да балалары бар болса, солардың арасында мүлік тең бөлінетін болады. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуді ажырасып жатқанда сот қарастырады. Досыңыздың жағдайында олар бұрынғы жұбайымен сот арқылы ажырасып кетсе, онда ортақ мүлікті бөлу процесі сол кезде орын алған болатын. Ескерте кететін жайт - ерлі-зайыптылар некеде болған кездері сатып алынған мүлік ортақ болып табылады және ажырасу барысында тең бөлінеді, ал некеге дейін сатып алынған, мұрагерлікпен иеленген, сыйға тарту жолымен алынған мүлік тең бөлінуге жатпайды. Баланың әкесі кәмелетке толмаған балаға алиментін төлеп тұрса болды, төлемеген жағдайларда мүлкіне арест қойылуы не тартып алынуы мүмкін. Қиын дегенде әке құқығынан айыруға дейін барады ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Заңында алимент төлемесе әке құқығынан айыру қарастырылған, бірақ оны сот шешеді).

смешные статусы
акриловая ванна