Вопросы-Ответы

Сұрақ: Менің әпкем жақында дүниеден озды. Күйеуі бар, балалары жоқ. Әпкемнің атындағы үй мен көлік бар еді. Оның туған сіңілісі ретінде мен иемдене аламын ба?

Жауап берген Сламжанова Ажар: ҚР Азаматтық Кодексінің 1061-бабына сәйкес, өмірден озған әпкеңіздің бірінші кезектегі мұрагер болу құқығы мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы бола алады. Яғни сіз екінші кезектегі мұрагерлер қатарына жатасыз. Ал Азаматтық Кодекстің 1060-бабы, 3-бөлігіне сәйкес, «Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады», — делінген. Тиісінше, сіздің ол мүліктерге мұрагерлік етуге құқығыңыз жоқ.