Print this page
Жүзу спорт үйірмесі
15.Жел.2020

     Жүзуден спорттық үйірме 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Оқу жаттығу сабақтары 1-2 курс студенттері арасында университеттің «Сейхун» спорттық сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде өтеді.Жүзу үйірмесіне 200-ден аса студенттер қатысады.

 

    Жүзу бассейнінің өлшемдері ұзындығы 25 м., ені 11 м.,тереңдігі 2 м.,4 жолақтан тұрады.

         Оқу жаттығу сабақтарын Мощеев В.В. және Алиев Қ.З. «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушылары өткізеді.

         Студенттер арасында күзде және көктемде 50 м. және 100 м. қашықтыққа жүзу түрлерінен университет ашық чемпионаттары өткізіледі. Жүзу университеттің «Бірінші курс» спартакиадасына және дәстүрлі 1-4 курс аралығындағы спартакиадасының программасына қосылған.