Print this page
Сервис және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы
19.Там.2020

 

 

 Сервис және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы: Тойшыбек Қуаныш Тойшыбекұлы

 

 

Сервис және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы университеттің компьютерлік паркіне қызмет көрсететін, компьютерлік кластарда орнатылған техникаларды уақтылы жөндеу және профилактика жасайтын, олардың сенімді жұмыс істеуін, компьютерлік техниканы антивирустық қорғаумен қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сервис және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының міндеттері:
-Компьютерлік және ұйымдастыру техникаларына техникалық қызмет көрсету;
-Ұйымдастыру техникаларын модернизацилау және күрделі жөндеу;
-Жаңа жабдықтарды құрастыру және пайдалануға енгізу;
-Жинақтамалы және жұмсалатын материалдарды сатып алу және бөлу;
-Ескі жабдықтарды қайта бөлшектеу;
-Компьютерлік және басқа техниканы таңдауда техникалық мәселелер бойынша кеңес беру;
-Windows операциялық жүйелер мен басқа да қолданбалы бағдарламаларды орнату (қалпына келтіру);
-Антивирустық бағдарламаларды орнату және жаңалау;
-Есептеу және бейне-аудио техникаларды оқу үдерісіне енгізу, оқу бағытындағы бағдарламалық құралдарды жасау, тираждау және тарату;
-Білімдегі ақпараттық технологиялардың жаңа бағдарламалық және техникалық құралдарын игеру мен қолдануды ұйымдастыру, жалпы және тақырыптық қолданбалы бағдарламалық жасақталымды жинақтау және жүйелеу;
-Ұйымдастыру техникасы құралдарын есепке алу;
-Университет ғимараттары арасында бірыңғай ақпараттық ортаны қамтамасыз ету;
-Сайт пен пошта жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-Жаңа телекоммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу;
-Университет бөлімшелеріне ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтер көрсету;
-Желілік ресурстарды бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету;
-Интернет пен деректер базасына қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.

 

Мекен - жайымыз: Айтеке би 29 А
Байланыс телефоны: 27-81-94
E-mail: kuanysh@korkyt.kz, kuanysh17@mail.ru