Print this page
РЕКРУТИНГ ОРТАЛЫҒЫ
19.Там.2020

Орталық жетекшісі:     

Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлы

 Тел:   8 702 922 44 58

e-mail: zh.orazmakhanov@mail.ru

 

Методист:                       

Алтыруова Құндызай Қазыбекқызы     

Тел: 8 775 641 14 40  

 e-mail:kundyzaltyruova@gmail.com

  

Рекрутинг орталығы туралы 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің стратегиялық жоспарын нәтижелі орындау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысына арналған «Рекрутинг орталығы» жұмыс жасауда.

Рекрутинг орталығының мақсаты - мектеп және колледж бітіруші түлектер арасында кәсіби бағдар беру, сонымен қатар екінші жоғары білім алу мен жоғары оқудан кейінгі білім алу бойынша жұмыстарын үнемі жүргізіп тұру. Жүргізілетін барлық жұмыстарды уақытылы және сапалы орындалуын орталықтандыру. Білім алушылардың контингентін арттыру.

Орталықтың басты міндеттері:

-  кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру;

-  алыс-жақын шет елдер, көрші өңірлер және облыс көлеміндегі кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру;

-  кәсіби бағдар берудің жаңа форматтағы жұмыстарын ұйымдастыру;

- талапкерлерді әлеуметтік желілер мен ресми сайт арқылы сапалы контенттермен қамтамасыз ету;

- халық арасында университеттің жаңа имидждік келбетін қалыптастыруға  PR- жұмыстарын жүргізу;

- білім беру жүйесі мекемелерімен және жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасты күшейту;

- талапкердің кәсіби таңдау жасауына кеңес беру;

- Қызылорда, Байқоңыр қаласы және облыс аудандары бойынша мектептері мен  колледждері түлектерінің бірыңғай мәліметтер базасын құру және жаңарту;

- ата-аналар мен ізденуші талапкерлерге университет туралы ақпарат беру және олардың оқу орнына деген қызығушылығын анықтау;

- Қызылорда, Байқоңыр қаласы және облыс аудандары бойынша мектептер, колледждер және өндіріс орындары мен мемлекеттік мекемелерге кәсіби бағдар беру үшін іс-сапарларды ұйымдастыру;

- Шымкент қаласы, Түркістан және Ақтөбе облыстарымен байланыс орнатып, сапарларға шығуды ұйымдастыру;

- «Отандастар» қоры арқылы алыс-жақын шетелдермен (Өзбекстан, Қырғыстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Иран және Қытай Халық Республикасы) байланыс орнатып, сапарларға шығуды ұйымдастыру;

- замануи технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалана отырып, талапкерлерге арналған жарнамалық өнімдерді әзірлеу және ақпарат орналастыру бойынша медиа жарнама агенттіктерімен жұмыс жасау.

 

 

Байланыс 

Қазақстан Республикасы

120014, Қызылорда қ., Ы. Жахаев к., 67

Тел: +7 (7242) 26 46 27

e-mail:  recruiting.qorqyt@gmail.com