Print this page
«Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасы
28.Там.2020

Кафедра меңгерушісі: Мирманов Наку Бахаутдинұлы

Ғылыми атағы: аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі

Email: naku_1979@mail.ru

КАФЕДРА  МАМАНДЫҚТАРЫ:

Бакалавр:

6В01407 (5В010600) – «Музыкалық білім» (күндізгі 4-жыл, кундізгі жеделдетілген – 3жыл, сырттай 2, 3 жыл)

6В02128, 6В02129  (5В040400) - «Дәстүрлі музыка өнері» (күндізгі 4 жыл) 

Магистратура:

7М01407 – Музыкалық білім (2 жыл ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша)

            «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасы екі БББ бойынша кадрларды даярлайды: 6В01407 (5В010600) - «Музыкалық білім» және 6В02128 (5В040400) – «Дәстүрлі музыка өнері». 6В01407 (5В010600) - Музыкалық білім БББ бойынша бакалавриаттың түлегіне Музыкалық білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» дәрежесі тағайындалады, 6В02128 (5В040400) - Дәстүрлі музыка өнері БББ бойынша бакалавриаттың түлегіне дәстүрлі музыка өнері білім бағдарламасы бойынша «Өнер бакалавры» дәрежесі тағайындалады. 7М01407 - Музыкалық білім БББ бойынша магситрантқа Музыкалық білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» дәрежесі тағайындалады. Бакалаврдың кәсіби қызметінің нысаны болып мыналар табылады: жалпы білім беру мекемелері, мектептер, педагогикалық колледждер, балалар музыкалық мектептері, өнер мектептері, барлық типтегі жалпы білім беру мекемелеріндегі музыкалық үйірмелер мен студиялар және мәдениет нысандары, филармониялар. Бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны болып педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық әрекет тәсілдерін, білім алудың дара маңыздылығын белсенді игерулеріне бағыттау, жалпы білім беру процессін білім алушының өзіне бағыттау, оның өзінің мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалану, өзін-өзі білімдендіру үшін қолайлы жағдай жасау және педагогикалық қызметті дұрыс жасау, қазіргі таңғы музыкалық білім талаптары мен объективті заңдылықтарын ескере отырып өзінің кәсіби қызметтерін жоспарлау табылады.

Кәсіби қызметтің бағыттары:

-музыкалық-педагогикалық;

-көркем өнер-эстетикалық;

-орындаушылық шеберлік;

-шығармашылық;

-мәдениет саласындағы менеджмент;

Орта білім және жоғары оқу орнының мазмұнына қойылатын талаптар мен жаңартуларға байланысты 6В01407 (5В010600) – «Музыкалық білім» және 6В02128 (5В040400) – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша бакалавры біліктілігі мыналарға бағытталған:

ұйымдастырушылық-басқарушылық: музыка пәнінен сабақ беру үдерісінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысын және білім алушылардың қызығушылықтарына қарай музыкалық үйірмелерді ұйымдастыру; әр түрлі типтегі жалпы білім беру мекемелеріндегі балалар және жастар арасында мәдени-ағартушылық қызметті жүргізу;

өндірістік-технологиялық: музыка сабақтарында тиімді білім беру технологияларын пайдалану, мектеп оқушыларымен музыкалық көркемөнерде жұмыс жасауда сынып жетекші, ұйымдастырушы, ағартушы, насихаттаушы қызметін орындау;

- жобалық: «Музыка» пәні бойынша жылдық күнтізбелік және сабақ жоспарларын, білім алушылармен жүргізілетін сыныптан тыс музыкалық көркемөнер жұмыстарын ұйымдастырудың жақын, болашақтағы жоспарларын республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени тіршілігін ескере отырып жобалау,  біліктілікті арттырудың жыл сайынғы жеке жоспарын жобалау;

ғылыми-зерттеушілік және әдістемелік: ғылыми негізде, қазіргі таңғы ақпараттық және білім технологияларын пайдалана отырып, өзінің педагогикалық қызметін ұйымдастыру; жылына бір рет білім алушылардың музыкалық даму деңгейін тексеру мен бағалауды жүргізу; білім және тәрбиелік тапсырмаларға сүйене отырып педагогикалық эксперимент жүргізу; өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелері туралы хабарландыруларды баспаға шығару немесе педагогикалық қоғам алдында жариялау;

білім берушілік: музыка сабағын және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу, мектеп оқушыларының музыкалық дамуын педагогикалық бақылау.

Кафедра Қазақ Мемлекеттік қыздар университетімен, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен, сонымен қатар Қазақ Ұлттық Өнер Академиясымен, т.б оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста. Білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында білім беру үрдісін жүзеге асыратын, білім беру қызметін  лицензиялаудың  біліктілік талаптарына сай келетін, студентке нәтижелі білім беру үшін қажетті  қабілеттілік пен тәжірибеге ие, білім берудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерген кафедраның профессорлардан тұратын оқытушылар құрамы белсене қатысады.


Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы



аты-жөні

Дәрежесі

телефон номері

E-mail

1

Мирманов Наку Бахаутдинович

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.м.

8-705-151-81-11

8-702-870-48-48

naku_1979@mail.ru

2

Байулов Гани Бекхожаевич

Аға оқытушы, PhD докторы

8-777-283-89-38

baiuli@mail.ru

3

Искакова Гульнар Исламбековна

Өнертану кандидаты

8-705-677-77-17

 

islambekgulnar@mail.ru

4

Сулейменова Бота

Аға оқытушы, п.ғ.к. 

8-705-115-01-77

S_Bota_R1961@mail.ru

5

Макашева Маргарита Сарманбаевна

Аға оқытушы, п.ғ.к. 

8-701-152-19-05

makashevaRita@mail.ru

6

Искакова Жанна Жанибековна

Доцент, п.ғ.к.

8-700-990-23-88

eliza_25@bk.ru

7

Ахметов Руслан Жумабаевич

Аға оқытушы, ҚР мәдениет қайраткері

8-705-203-93-07  8-701-350-65-07

ruslan_77@mail.ru

8

Ибраимова Саргуль Базарбаевна

Аға оқытушы

8-701-461-68-20

sargul_1961@mail.ru

9

Нарымбетов Марат Курманбаевич

Аға оқытушы

8-775-666-72-60  8-771-338-80-44

narimbetov@mail.ru

10

Ногайбаева Акмарал Алмирзаевна

Оқытушы, п.ғ.м. ҚР мәдениет саласының үздігі

8-701-405-26-85

ashka7390@gmail.com

11

Абдибекова Орынкул Абдибековна

Аға оқытушы

8-775-930-96-85   8-700-403-62-50

abdibekova1963@mail.ru

12

Джуманазарова Шара Адилхановна

Аға оқытушы

8-705-166-60-52   8-701-457-87-37

Shara_29_64@mail.ru

13

Алибеков Дархан Нурманович

Аға оқытушы, п.ғ.м.

8-701-300-37-07

darkhan661002@mail.ru

14

Мухамеджан Махсат Бурханович

Аға оқытушы

8-701-490-61-23

19maksat68@mail.ru

15

Шакирова Макпал Иманаевна

Аға оқытушы, п.ғ.м.

8-701-384-65-65

makpal_73kz@mail.ru

16

Бимбетова Шолпан Тлеубаевна

Аға оқытушы, п.ғ.м., «Құрмет» орденінің иегері

8-701-405-26-97

Jir-kumbez@mail.ru

17

Аккулова Салтанат Арыстановна

Аға оқытушы

8-777-269-94-39

Saltanat_s77@mail.ru

18

Шагдатов Алдияр Шагдатович

Аға оқытушы

8-775-771-79-79

aldiayr_1979@mail.ru

19

Байбулова Гульмира Туленовна

Аға оқытушы

8-700-495-17-76  8-705-203-92-61

Gulmira_7676@list.ru

20

Ниязбаева Гульжаухар Кенжебековна

Оқытушы, п.ғ.м.

8-705-177-01-02

gulzhauhar_75@mail.ru

21

Аблаев Самат Алматович

Оқытушы

8-777-336-37-81

samat_ablaev77@mail.ru

22

Баймаганбетова Гульнур Кабланбековна

 

Оқытушы, п.ғ.м.

8-777-339-74-74

gulnura_220681@mail.ru

23

Амзе Муслим Балтабаевич

Оқытушы, п.ғ.м. ҚР мәдениет саласының үздігі

8-707-816-07-52

m.amze@mail.ru

24

Палымбетова Айнур Бакытовна

Оқытушы

8-705-203-93-06

Ainur78@mail.ru

25

Тлеумбетова Гульмира Елубаевна

Оқытушы, п.ғ.м.

8-777-004-61-12

Gumo78@mail.ru

 

Қазіргі таңда білім беру бағдарламасы жоғары білікті базалық білімі бар профессор-оқытушылар құрамымен (ПОҚ) қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кафедра бойынша: 3 – педагогика ғылымдарының кандидаты, 1-өнертану кандидаты, 1-PhD докторы, 1- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 1 – ҚР Мәдениет Қайраткері, 1 – «Құрмет» Орденінің иегері, 4 – п.ғ.м., аға оқытушы, 8 – аға оқытушы, 3 – п.ғ.м., оқытушы, 2 - оқытушы, 2 – концертмейстер, 1 – лаборант. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарына, халықаралық, республикалық конференцияларға және мәдени іс-шараларға белсене араласады. 1999 жылдан бастап университет жанынан «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі құрылды. Ансамбль кафедра оқытушыларынан құрылған. «Дидар» ансамблінің жетістіктері:

«Жастар және фольклор» халықаралық фестивалінің лауреаты. Түркия, 2000ж.

Халықаралық «Керамика» фестивалінің лауреаты. Оңтүстік Корея, 2005, 2007ж.

Халықаралық «Шабыт» жастар шығармашыл фестивалінің лауреаты «Бас Жүлде». Астана, 2008ж.

Республикалық «Ғасырлар Сазы» фольклорлық ансамбльдер конкурсының лауреаты. Алматы, 2011ж.

Халықаралық «Жұбанов Көктемі» конкурсының лауреаты. Ақтөбе, 2013ж.

Халықаралық «Ғасырлар Сазы» конкурсының лауреаты. Алматы, 2015ж.

 

 

Қазіргі таңда екі мамандық бойынша 110 студент білім алуда. «Музыкалық білім» БББ бойынша: күндізгі оқу нысаны бойынша – 55, сырттай оқу нысаны бойынша – 31 студент. «Дәстүрлі музыка өнері» БББ бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша – 21 студент, магситратура бойынша – 3 магистрант.

«ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ» КАФЕДРАСЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ