"Nur Otan" партиясы " Тұран" филиалы "Jas Otan" ЖҚ төрағасы
29.Қар.2020

Кеңесұлы Әли

"Nur Otan" партиясы " Тұран" филиалы "Jas Otan" ЖҚ төрағасы

Тми-18-1

 

Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:

Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;

Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;

Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу;

Жастардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, университеттің студенттерін жұмысқа рналастыруға көмектесу;

Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;

Жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;

«Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;

Жастар ұйымдарымен және басқа да елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау.