Білім беру бағдарламаларды басқару бөлімі
19.Там.2020

  БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІ 

 

 

 

Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы        Білім беру бағдарламаларды басқару бөлімінің басшысы


Ғылыми дәрежесі:                                                  Физика математика ғылымдарының кандидаты,

                                                                                    қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы.

Байланыс телефоны:                                             8(7242) 27-80-00

Электронды почтасы:                                            aisulumuhankyzy@mail.ru 

 

 

 

 

 

 

 

Мекебаева Рахила Мухамедшариповна            Білім беру бағдарламаларды басқару бөлімінің бас әдіскері

 

Байланыс телефоны                                              8(7242) 26-38-45

 

Электронды почтасы                                            rahila.kz@mail.ru

 

 

 

 

 

 

Сембиева Багила Зайтаевна                               Білім беру бағдарламаларды басқару бөлімінің бас әдіскері

 

Байланыс телефоны                                            8(7242) 26-38-45

 

Электронды почтасы                                           bagila.sem.63@mail.ru

 

 

                              

 

    

                       

Cуйнтаева Гаухар Сагидуовна                    Білім беру бағдарламаларды басқару бөлімінің  әдіскері

  

Байланыс телефоны                                           8(7242) 26-38-45

 

Электронды почтасы                                          arukahan@mail.ru 

 

 

  

 

Дузбаева Асель Тойбазаровна                                Білім беру бағдарламаларды басқару бөлімінің  әдіскер

Байланыс телефоны                                                 8(7242) 26-38-45

Электронды почтасы                                               asel_kz1985@mail.ru

 

 

 

 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

 университеттің Стратегиялық жоспарына сәйкес БББ бойынша жоспар құру;

 университеттің БББ-ның жүзеге асырылуына мониторинг жасау;

 білім беру бағдарламаларын қалыптастыру мен бекітілу бойынша ішкі нормативті құжаттамаларды дайындау;

 университетте білім беру бағдарламаларды жүзеге асыруда білім қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензиясына, ҚР МЖМБС және ішкі регламенттік құжаттарға сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және үйлестіру;

 кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің ұсынымдарына сәйкес білім беру бағдарламаларды әзірлеуде кафедраларға әдістемелік көмек көрсету, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;

 білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдардарламалар реестріне енгізілген білім беру бағдарламалардың Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне және Ұлттық біліктілік шеңбері және Салалық біліктілік шеңбері негізінде әзірленгендігіне бақылау жүргізу;

 БББ жүзеге асыру бойынша есептік ақпаратты БжҒМ ұсыну;

 университеттің құрылымдық бөлімдерде (институт, кафедра) ішкі аудиттерді ұйымдастыру және өткізу;

 оқу үдерісін жоспарлаудың сапасына және нормативтік талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу;

 оқу үдерісін жетілдіру және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;

 оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру;

 көптілді білім беруді жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;

 кадрларды даярлау бағыттары бойынша Академиялық кеңестердің қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек беру.

 

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына және бекітілген университетішілік нормативті құжаттарға сәйкес оқу үдерісін жоспарлайды;

2. білім беру бағдарламаларды әзірлеу және бекіту туралы Ережесін дайындайды;

3. білім беру бағдарламаларды қалыптастыруда кафедраларға әдістемелік көмек көрсетеді;

4. кафедралардың академиялық күнтізбесін, оқу үдерісінің кестесін құрастыруға бақылау жүргізеді, жұмыс оқу жоспарларын, элективті пәндер, жоо компоненті пәндер каталогтарын, пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындау жұмыстарын үйлестіреді;

5. академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлайды және ұйымдастырады;

6. кадрларды даярлау бағыттары бойынша Академиялық кеңестердің жұмысына бақылау жүргізеді;

7. университеттің профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесінің сағат есебінің нормаларын анықтайды;

8. көптілді білім беру бағдарламаларын енгізу және жетілдіруін қадағалайды (ПОҚ, академиялық топтар, контингент);

9. оқыту жүйесінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

10. оқу үдерісінің ішкі нормативтік-әдістемелік құжаттарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді;

11. университеттің Ғылыми Кеңесі, ректорат мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша анықтамалар мен мәліметтерін дайындайды;

12. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хаттары мен сұраныстары бойынша мәлімет дайындайды.

 

 

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы - білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге отандық басқа жоғары оқу орнына ауысу арқылы білім алу мен тәжірибе алмасу.

 

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының үйлестірушісі                               Суйнтаева Гаухар Сагидуовна

Байланыс:                                                                                                                              Бас оқу ғимараты, 3-ші этаж №309 кабинет.

Телефон:                                                                                                                                 8 (7172) 27 80 00,

Электрондық пошта:                                                                                                           arukahan@mail.ru

Жұмыс кестесі:                                                                                                                     дүйсенбі-жұма, уақыт: 09.00-18.30 сағ.

  

 

 

          Академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.10.2018 № 563 бұйрығы) туралы қағидасына сүйеніп жүргізіледі.

           Академиялық ұтқырлық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе басқа ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

3-параграф . Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын, оның ішінде халықаралық кредиттік ұтқырлығын ұйымдастыру

1. Академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелде жекелеген пәндерді зерделейді. Бұл ретте білім беру ұйымдарының арасында екіжақты шарт жасалады.

2. Басқа білім беру ұйымдарында алуан түрлі білім беру тәжірибелерінен пайда алу мақсатында "ұтқырлық терезелерінен" білім алушының басқа ЖОО-да игеріледі, оқу пәндері мен кредит көлемдері анықталады.

3. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру тәртібін, студенттерді іріктеуді ЖОО дербес жүзеге асырады. Бұл ретте, мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары аясында жүзеге асырылады.

4. Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру ұйымы қарастырған деңгейде шетел тілін білуі тиіс.

5. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын растайтын қорытынды құжат транскрипт немесе болған елдегі оның баламасы болып табылады. Транскриптке оқыту бағдарламасы туралы мәліметтер: пәндердің (модульдің) атаулары, бағалар, игерілген академиялық кредиттердің саны енгізіледі.

6. Білім алушы академиялық ұтқырлық шеңберінде толық көлемде игерген және транскриптпен расталған оқыту нәтижелерін ЖОО міндетті тәртіпте қайта есептейді.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқитын білім алушылар үшін:

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына 2-3 курстың (3-6 семестр) білім алушылары қатыса алады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға қажетті құжаттар тізімі:

1. Университет ректоры атына өтініш

2. ECTS үлгісінде өтініш(жіберуші оқу орнының мөрімен)

3. Оқу келісімі (ҚМУ-да оқитын пәндері)

4. Үшжақты келісімшарт (жіберуші оқу орнының мөрімен)

5. Кафедра меңгерушісінен ұсыныс хат, институт мөрімен 6. Білім алушының жеке оқу жоспары

7. Транскрипт (жіберуші оқу орнының мөрімен)

8. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға шығуға білім алушының ата-анасынан нотариалды келісім хаты

9. Медициналық анықтама (082/у форма)

10. Білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі

Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушы өзінің университетіне төмендегі құжаттарды ұсынады:

1. Транскрипт (түпнұсқа)

2. ECTS түріндегі өтініш (екі университеттің мөрімен)

3. Үшжақты келісімшарт (екі университеттің мөрімен)