ҚУ жанындағы заң клиникасы
05.Қаз.2021

 

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Заң клиникасы Қызылорда қаласы мен облыс азаматтарына тегін құқықтық көмек көрсетеді.

 Заң клиникасының міндеттері:

- құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер мен түсіндірмелер беру;

- халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;

- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жергілікті сот және өзге де құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын кеңейту;

- студенттерге заң мамандығы бойынша практикалық іс-әрекет дағдыларын алуға мүмкіндік беру.

Заң клиникасының функциялары:

- азаматтарға тегін негізде заң консультацияларын алуға мүмкіндік беру;;

- өтініштерді, шағымдарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды ресімдеу бойынша көмек көрсету;

- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім беру үрдісінде жергілікті сот және басқа да құқық қорғау органдарының іс-тәжірибесі материалдарын пайдалану

- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттеріне сот және өзге де құқық қорғау органдарының іс-тәжірибесі материалдарын зерделеу және пайдалану          мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- жергілікті сот және өзге де құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық үшін нақты негіз құру;

- халық, БАҚ және Заң клиникасы арасында ақпарат алмасудың тиімді тетігін құру, бұл азаматтардың практикалық қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

- қолданыстағы заңнаманы насихаттау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, халықты құқықтық жалпы оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Заң клиникасы міндетті:

- азаматтарға ақысыз негізде кеңес беру;

- халықты құқықтық жаппай оқыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Заң клиникасының жұмысы туралы ақпарат 

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29а,

Әкімшілік бас ғимараты, № 4 қабат, 427-А кабинеті.

Байланыс телефондары: 8-707-724-02-51,

                                          8-707 259- 06-39.

                                          8-701-863-41-95

WhatsApp: 8-776-826-26-84

 Zanklinikasy.korkyt@mail.ru

Инстаграмдағы аккаунт - @zansoilesin