разное
разное (64)

14.Қыр.2021

Кафедра меңгерушісі - э.ғ.к., доцент

   Рысмаханова Гульмира Жумабековна 



«Экономика және басқару » кафедрасы мамандарды келесі білім бағдарламалары бойынша даярлайды:
- 6В04139-«Мемлекеттік  және жергілікті басқару»;

- 6B04140 – Экономика;                                                                                 

 - 6В10276-«Әлеуметтік  жұмыс» ;

- 6В11177-«Туризм» ;                                                                                                                                                                                       

 - 7М04139-«Мемлекеттік  және жергілікті басқару» (ғылыми-педагогикалық)

- 7М04102-«Мемлекеттік  және жергілікті басқару» (бейіндік)

- 7M04140 – Экономика (ғылыми-педагогикалық) ;

- 7M04101 – Экономика (бейіндік)

- 7M04141 – Менеджмент (ғылыми-педагогикалық);

- 7M04103 – Менеджмент (бейіндік);       

- 8D04140 – Экономика (докторантура).                                                                                                                                                                                    

- 8D04139-«Мемлекеттік  және жергілікті басқару» 

 

«Экономика және басқару» кафедрасы профессор-оқытушыларының ғылыми бағыттары:

 

Ф.И.О

Должность

Е-mail:

1

Рысмаханова Гульмира Жумабековна

кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент

fpkido2010@mail.ru

2

Кудайбергенов Казбай

э.ғ.к., доцент

 

3

Абдимомынова Алмакул Шакирбековна

э.ғ.к., доцент

 abdim.alma@mail.ru

4

Казбекова Лиман Айдарбековна

э.ғ.к., доцент

limanka@mail.ru

5

Елпанова Мадина Абжалеловна

э.ғ.к., доцент

madiel61@mail.ru

6

Бекхожаева  Айгуль

э.ғ.к., доцент

Aigulbekkоhozhaeva@ gmail.com

7

Бекешова Дана Айтбаевна

э.ғ.к., аға оқытушы

becesheva73@mail.ru

8

Бекетова Камар Назарбековна

э.ғ.к, қауымд. профессор

Kamar82@mail.ru

9

Берикболова Улжан Доскалиевна

эк.магистрі, аға оқытушы

ulzhan.73.   @mail.ru

10

Ким Венера Владимировна

эк.магистрі, аға оқытушы

kim_venera_ 74@mail.ru

11

Нурмаганбетова Бекзат Кушеровна

э.ғ.к., аға оқытушы

nbegzat@mail.ru

12

Жусупов Айболат Ертаевич

эк.магистрі, аға оқытушы,.

aibolat10@ mail.ru

13

Шайхисламова Гульсара Шайхисламовна

эк магистрі,  аға оқытушы

Gulsara.75 @list.ru

14

Умирзакова  Меруерт  Абдуалиевна

 э.ғ.к., аға оқытушы

Umarzakova 1972@mail.ru

15

Темирбекова Эльмира Темирбековна

экономика магистрі, оқытушы

elya_81 @mail.ru

16

Абдишова Гульбахыт Берликовна

эк магистрі, аға оқытушы

Gabdishova @mail.ru

17

Махамбетова Мария Алиевна

менедж. магистрі, аға оқытушы

maria_alievna@mail.ru

18

Мирсаякова Венера Александровна

оқытушы

venerik81 @mail.ru

19

Сыздыкова Макпал Бархияевна

Әлеуметтану ғ.к.аға оқытушы

Syzdykova.makhpal@mail.ru

20

Карбозова Акжан Сайлаубекқызы

экономика магистрі, оқытушы

Akjan_92_00@mail.ru

21

Мұхтарова Ақмарал Мұхтарқызы

экономика магистрі, оқытушы

akmaral_mukhtarova            @mail.ru

22

Токмырзаева Айтолкын Ғаниқызы

әлеуметтану магистрі, оқытушы

aitowa_j.b@mail.ru

23

Мусаева Гульшат Исаевна

эк магистрі, аға оқытушы

 m.gulshat_kz@mail.ru

24

Смагулова Жанна Баглановна

эк магистрі, аға оқытушы

zchanna_555@mail.ru

25

Култанова Нургуль Бахытбековна

эк магистрі, аға оқытушы

ngd_06@mail.ru

26

Абжанова Жауказын                     

эк.магистрі, оқытушы

zhaukazyn.78@mail.ru

27

Коржынбаева Зарина Жаркынбековна

эк.магистрі, оқытушы

 zanur8582@mail.ru

28

Муханова Айгуль Ерденбековна

 э.ғ.к, қауымд. профессор

aia_mukanova@mail.ru

29

Утегенова Камшат Амандыковна

э.ғ.к., қауымд. профессор

 ute_kam@mail.ru

30

Шайнуров Абай Серикович

э.ғ.к.,қауымд. профессор м.а.

kaup@mail.ru

31

Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к., қауымд. профессор

gulnar7575@mail.ru

32

Кушенова Майра 

э.ғ.к., аға оқытушы

 maira77@mail.ru 

Ғылыми-зерттеу жұмысы. Кафедраның ҒЗЖ негізгібағыттары – «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы: мәселелері мен болашағы» және «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: мәселелері мен мүмкіндіктері».Кафедраның ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бір қатар отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған оқулықтар шығарылды.Соңғы жылдары импакт-факторы бар Thomson Reuters және Scopus жетекші ғылыми журналдарында: 23мақала, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған журналдарда 70-тан астам мақала, 100-ден астам ғылыми еңбек импакт-факторы бар шетелдік басылымдарда, 5 ғылыми монография, 14 оқулық жарияланды.2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша кафедраның ұжымы грант иегері атанды. Жоба тақырыбы: «Совершенствование государственно-частного партнерства (ГЧП) в подготовке кадров для малого и среднего предпринимательства». Жоба жетекшісі - Г.Б.Дузельбаева; жұмыс тобының мүшелері: А.Ш.Абдимомынова, У.Д.Берикболова, В.В.Ким, А.М.Мұхтарова, А.С.Карбозова. «Экономика»,  «Мемлекеттік және жергілікті басқару»  білім беру бағдарламаларының білім алушыларының білімін тереңдету мақсатында «Интеллект» үйірмесі ұйымдастырылды. Үйірмедегі сабақтар мен басқа да іс-шараларды студенттердің өз бастамасымен оқытушылар мен студенттер өткізеді және студенттер бойында экономиканың тиісті мәселелері бойынша белгілі бір қызығушылық тудырады. Үйірме студенттері әр түрлі байқаулар мен іс-шараларға қатысады, ҚР Білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ халықаралық және республикалық олимпиадаларға, байқаулар мен конференцияларға қатысады.

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ. Кафедра жұмысы жоғары кәсіби-біліктілік деңгейі бар, облыстың және жалпы елдің басқару саласындағы ұйымдары мен мекемелерінде өз дағдыларын қолдана алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Кафедра жұмысы нақты мақсатқа – Қазақстанның ұйымдары мен мекемелерінде табысты қызмет етуге жеткілікті кәсіби және тұлғалық құзіреттілікке ие мемлекеттік басқарудың өзекті бағыттары саласында бәсекеге қабілетті білім деңгейі, біліктілігі мен кәсіптік дағдыларға ие жоғары білікті мамандар даярлау бағытына құрылған. Кафедра алдына қойылған міндеттердің бірі - ел экономикасы мен оның өңірлері, халық шаруашылығы мен оның салаларын, мемлекет пен оның аумақтық құрылымдарын басқару салаларында кәсіптік құзіреттілік пен сапалы жоғары білімді, қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті, интеллектуалды тұрғыда дамыған, кәсіби құзіретті, әлеуметтік белсенді, көптілді, жоғары шығармашылық және рухани әлеуеті бар патриоттық тұлғаны, заманауи жаһандық үдерістерді талдай алатын мамандарды қалыптастыру. 2014 жылдан бастап «Білім беру жүйесіндегі үштілділік» бағдарламасына сәйкес кафедрада  «Экономика»,  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Көптілді білім беру ПОҚ тілдік курстардан өтіп, IELTS емтихандарын тапсырды: Берикболова У.Д. - 5.0 балл; Смагулова Ж.Б. – 5.0 балл. Жыл сайын кафедра оқытушылары шетелдік және отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында біліктілігін арттырады, тағылымдамаларға, семинарларға және біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Кафедра мамандықтары 2019 жылдың ақпан айында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) арқылы аккредиттеуден өтті. Кафедра оқытушылары жыл сайын шетелдік және отандық білім ошақтарында біліктіліктерін арттыру семинарлары мен курстарға қатысып, өз біліктіліктерін шыңдай түсуде. Кафедра доценті Казбекова Л.А.Эрасмус Мундус Канем – 2 бағдарламасы бойынша Лас Пальма Де Гран Канария университетінде (Испания) және банк колледжінде, Прагада (Чехия); аға оқытушы Смагулова Ж.Б. аталған бағдарлама бойынша Генуи университетінде (Италия) және Балеар аралдары университетінде (Халықаралық бизнес университеті) тағылымдамадан өтті. Кафедра доценті А.Ш.Абдимомынова Нидерланды мемлекетінің Лейден университетінде «University Management I», Испанияның Барселона Еуропалық унитверситетінде «Strategiс management in higer education» семинарларына қатысса, аға оқытушылар Г.Б.Дузельбаева, У.Д.Берикболова, Г.Ж.Рысмаханова, Ж.Б.Смагулова «Болашақ» бағдарламасы бойынша Швейцарияның Монтре Бизнес мектебінде «Pedagogical Diagnostic, Evaluation and Management of Education Quality» курсында дәріс алды. Оқытушылар А.К.Бекхожаева, У.Д.Берикболова «Мевлана» бағдарламасы арқылы Түркияның университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Аға оқытушы, э.ғ.к. М.А.Умирзакова «New Trend in Economics and Innovative Methodological Approaches in Europe» тақырыбында Будапешт техникалық-экономикалық университеті өткізілген семинарға қатысты. Кафедра оқытушылары А.Ш.Абдимомынова (2010 ж.), Қ.Н.Бекетова (2013 ж.) және М.А.Умирзакова (2015 ж.) - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанды. Сонымен бірге, кафедраның білім алушылары студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша Польшаның Лодзь, Катовице университтерінде, Ресей Федерациясының Ростов-на-Дону қаласындағы Южный Федеральный университетінде, Орынбор мемлекеттік университетінде, Түркияның Ченкыры Каратерен университетінде, Оңтүстік Кореяның Каннам университеттерінде білім алуда. 2018 жылдың 19-20 сәуір аралығында кафедра базасында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР. Кафедра шетелдік оқу орындарымен байланысты кеңейту бағытында үлкен жұмыс атқаруда. Бұл бағытта «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Әлеуметтік жұмыс», «Туризм» мамандығының студенттері мен магистранттары, докторанттарына Г.В.Плеханов атындағы Ресей университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы В.З.Черняктың (Мәскеу, Ресей), Қазан федералдық университетінің профессоры Р.Ахметовтың, ұлттық және әлемдік шаруашылық университетінің профессоры П.Жалевтың, Д. Хаджиниколовтың (Болгария, София), Ставрополь мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры И.В.Таранованың (Ресей, Ставрополь), Германия Республикасының Шветцинген қаласындағы Манхайм университетінің бизнесті басқару магистрі Гюнтер Кеттерленің, Неофит Рильский атындағы Оңтүстік-Шығыс университетінің қауымдастырылған профессоры Е.Ставрованың және т.б. дәрістерін тыңдауға мүмкіндік берілді.Кафедра шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық байланыстарды жүзеге асыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізуде. Қазіргі күні шет елдік әріптестермен ынтымақтастық орнату шеңберінде Орынбор мемлекеттік университеті (Ресей) және кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бірлескен оқу бағдарламасын жасақтауды қолға алуда.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ.  «Қазақстан-2050» бағдарламасының стратегиясына сәйкес кафедрада тәлімгерлік жұмыс аясында тәрбие жұмысының жоспары дайындалды, талқыланды және бекітілді. Бүгінгі күні осы жоспарға сәйкес іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылуда.

Тәлімгерлік жоспарлар әдістемелік нұсқауларда көрсетілген бағыттарға сәйкес дайындалды және институттың аға тәлімгері және директорымен бекітілді. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережеге сәйкес топтар арасында жиналыстар, консультациялар, кураторлық сағаттар, брифингтер және әр түрлі тақырыптық кештер өткізіледі.
Кафедрада өткізілетін тәрбие жұмыстарының тақырыбы студенттердің өзекті заманауи мәселелерге деген қызығушылығын тудырып, олардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.Оқу топтарының тәлімгерлік жұмыстapы келесі заңнамалық ақтілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес орындалуда:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы;

- Қазақстан ЖОО-ларында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру тұжырымдамасы;

- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ тәрбие жұмыстарының Тұжырымдамасы;

-Н.Ә.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы;

- Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.

Кафедрада жүргізілетін тəрбие жұмыстарының мазмұны студенттің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Кафедра студенттері бірнеше халықаралық және республикалық сайыстарға қатысып, жоғары белестерден көріне білді.                                                                                      

 

 

      


Адрес:
г.Қызылорда, ул.Әйтеке би, 29 а, 407 кабинет
Е-mail: abdim.alma@mail.ru

Телефон: Тел: 8 (7242) 27-67-88, 27-66-31 (133)

07.Қыр.2021
25.Мау.2021

Докторантураға түсуші үшін қажетті құжаттар тізімі:

- университеттің басқарма басшысы-ректоры атына еркін нысандағы өтініш;

- білімі туралы құжатты (түпнұсқа); - жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) және оның көшірмесін;

- шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат;

- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама; Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

- 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

- жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

- соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

Докторантура бойынша білім беру бағдарламалары 

Докторантура бойынша жалпы мәлімет

8D08171- «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау емтиханының тақырыптары

8D01517 - «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілерге арналған емтихан тақырыптарының тізімі

8D04140 - «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға тапсырушыларға арналған емтихан тақырыптарының тізімі

 8D01513 - «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша емтихан тақырыптарының тізімі

8D01510- «Математика» мамандығы бойынша докторантураға  түсушілерге  арналған емтихан тақырыптары

8D07365 - «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау үшін емтихан тақырыптары

8D08675 - «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» бағдарламасы бойынша докторантураға қабылдау үшін емтихан тақырыптары

8D07366 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» бағдарламасы бойынша емтихан тақырыптары

 

 

2021-2022 оқу жылына арналған АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

 

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті PhD докторантура білім беру бағдарламаларының 2021-2022 оқу жылындағы кәсіби оқу бағдарламаларын игеру үшін қажетті пререквизиттер ТІЗБЕСІ

 

24.Мау.2021

Қорқы Ата атындағы Қызылорда университеті – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

23.Мау.2021

Талапкер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды тапсырады:

• Аттестат немесе диплом қосымшасымен (түпнұсқа)

• Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

• 3х4 көлеміндегі 6 сурет

• 075-У нысанындағы электронды медициналық анықтама

• Мемлекеттік білім гранты тағайындалғаны туралы электрондық куәлігі (ол болған жағдайда)

• ҰБТ электрондық сертификаты

• Ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін)

• Құжат тігілетін папка, конверт

23.Мау.2021

Магистратура бойынша қажетті құжаттар тізімі:

1.      Диплом(жоғары білімі туралы құжат) қосымшасымен (түпнұсқа);

2.      - Жеке куәлік (түспұсқа, көшірме);

3.      - 3х4 көлеміндегі 6 сурет;

4.      - 075-у медициналық анықтама

5.      - Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты (бар болса);

6.      - Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және нотариалды расталған еңбек қызметін растайтын құжат(еңбек өтілі бар тұлғаларға);

7.      - Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

8.      - Құжат тігілетін А4 папка(қағаз үлггісі) және А5 конверт.

Магистратура мамандықтары бойынша кеңес беретін тұлғалар тізімі:

23.Мау.2021

- Оқуға қабылдауға қажетті құжаттарды тізімі

- Талапкер жол сілтеушісі

«Қоркыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ-ң бакалавриатта оқу ақысын төлеуге арналған ішкі гранттар мен жеңілдіктердің түрлерін айқындау тәртібі туралы ЕРЕЖЕСІ

Университет мамандықтары бойынша кеңес беретін тұлғалар тізімі БАКАЛАВРИАТ

Қорқыт Ата атындағы ҚУ бакалавриат даярлау бағыттары мен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламаларының тізімі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жетістіктері 

2021 жылғы қабылдау комиссиясының құрамы

Межелік өту балдары  2020-2021

Жоғары оқу орнына түсушілер назарына!

Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі   

Шығармашылық емтихан кестесі 2021

Шығармашылық емтихан кеңес беру кестесі 2021

Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламалары топтары бойынша шығармашылық емтихан кезіндегі дәрісханалар бойынша кезекшілер тізімі 2021

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру сапасы бойынша арнаулы емтихандарды өткізіу кестесі

Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары білім негізінде қысқартылған оқыту мерзіміне ақылы негізінде бірінші курсқа қабылдау үшін талапкермен әңгімелесу түрінде жүргізілетін қосымша емтихан

2021-2022 оқу жылына ақылы негізде оқитын білім алушылардың студенттерді қашықтықтан оқыту технологиясының бір кредитінің құны

Білім беру  бағдарламалары бойынша 2021-2022 оқу жылына ақылы негізде (Қызылорда облысы әкімінің гранты) білім алушылардың бір кредитінің құны (жеке тұлғалар үшін)  

Білім беру бағдарламалары бойынша 2021-2022 оқу жылына ақылы негізде  (Қызылорда облысы әкімінің гранты) білім алушылардың бір кредитінің құны (заңды тұлғалар үшін)

 

2021-2022 оқу жылына арналған АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

26.Сәу.2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА  УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер  мен мектеп оқушылары!

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен қала, аудан мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында  «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»  пәндерінен онлайн форматта облыстық олимпиада өткізіледі. 

Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің  №1 оқу ғимараты, 324 дәрісхана, ZOOM почтасы -4987088113  ,паролі - 201520:

 

Күні - 2021 жыл,  28 сәуір.  

Басталу уақыты - сағ 9.00. 

1.Олимпиаданы өткізу ережесі

1 кезен. Тестілеу: 28 сәуір сағ.9-00-да

Барлығы 50 сұрақ:  Қазақстан тарихынан және Дүние жүзі тарихынан. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайға бағаланады. Барлығы - 50 ұпай. Берілетін уақыт -1сағат. 25 үпай жинаған олимпиадаға қатысушы сайыстың 2 кезеніне жіберіледі.

       2 кезен. Үй тапсырмасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында бірнеше бағытта (Қазақстан халықтарының достығы, Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктері, Қазақстан әлемдік қауымдастықта,  Қазақстанның дамуына өз үлесің қосқан тұлғалар, т.б.) слайдтік формада жоба дайындау керек (жоба 26 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетіне жіберілуі керек)   

  Жоба көлемі 10-12 беттен аспау керек, қорғау уақыты - 5 минут.

Критерийлері:

– өзектілігі -10 балл

– мазмұнның тереңділігі-10 балл

– баяндама жасау шеберлігі -10 балл

        – слайдтардың көрнектілігі -10 балл

 Барлығы – 40 балл.                                                                                   

          3 кезен. Интеллектуальдық тур   

3 кезеңнің өту тәртібі Олимпиада кезінде таныстырылады.                                                                      

                                         2. Олимпиаданың негізгі мақсаты 

          Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне оқуға түсуге  жоғары сынып оқушыларын ынталандыру, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және қызығушылығы мен оқу саласы ұқсас басқа білім алушылармен білім және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру; 

3. Олимпиадаға қатысушылар 

Олимпиадаға мектептердің бітіруші сынып (11 сынып) оқушылары қатыса алады. 

4. Олимпиаданы  өткізудің конкурстық комиссиясы 

 4.1. Олимпиаданы өткізудің конкурстық комиссиясы құрамына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының  профессор-оқытушылары кіреді.

4.2 Олимпиаданы өткізудің конкурстық комиссиясы: 

  1. Олимпиада пәндері бойынша тапсырмалар дайындайды;
  2. Олимпиадалар мен байқаулар тапсырмаларының орындалуын бағалау критерийлері мен әдістемесін дайындайды;
  3. Пәндік тапсырмаларды сараптау комиссиясына тапсырады;
  4. Оқушылардың пәндік тапсырмаларының өңделуін жүргізеді;
  5. Олимпиаданың өту баллын анықтайды;
  6. Олимпиада бойынша координаторға нәтижелер ведомосын ұсынады;
  7. Олимпиада  тапсырмаларының мектеп бағдарламасына сәйкестігін қарайды;
  8. Олимпиада  бойынша тапсырмаларды бекітіп, хаттама дайындайды;
  9. Олимпиада  туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.
  10. Олимпиаданы Олимпиада өткізудің конкурстық комиссиясы қорытындылайды. 

Тарих пәні бойынша өткізілетін олимпиаданың ақпараттық хаты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында Қызылорда облысының мектеп бітіруші оқушылары арасында өткізілетін облыстық пәндік олимпиадалар мен байқауларды  ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ негізінде дайындалды. 

5. Жүлделі І орын алған олимпиада жеңімпазына ректордың І білім гранты тағайындалады. 

6. Қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

 

     Олимпиада мен байқау қорытындысы бойынша 1 - бірінші орын, 1 - екінші орын 1- үшінші орын беріледі. Ректор гранты иегерлерінен басқа жүлдегерлерге дипломдар мен алғыс хаттар беріледі. 

Олимпиадаға қатысу үшін:   https://korkyt.edu.kz/index.php?option=com_k2&view=item&id=3351:olimpiada&lang=kz сілемесіндегі  өтінім формасын 22.04.2021 ж. дейін толтыру қажет.

 

 

 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №40, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің І оқу ғимараты, №202 кабинет

 

Байланыс телефондары:

 

сот. 8 702 477 1766-Маулен, 8 707 1500893-Қамар

 

Ұйымдастыру комитеті

 

21.Сәу.2021

Абразахова Аякуз Қожамырзақызы